Сания Бердиходжаева, Автор в NoFake

Шибөрі бағдаршам батырмасын өзі баса алады — аңның жалған фотосы тарады
Әлеуметтік желілерде Аризона штатында шибөрінің бағдаршамды өзі қосып, жаяу жүргіншілер өткелінен ереже бұзбай өтетіні туралы тараған фото шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды NoFake.kz шетелдік Snopes-қа сілтеме жасай отырып.

Соңғы уақытта Facebook пен YouTube желілерінде қысқа ролик кеңінен тараған. Авторлардың айтуынша, оқиға Пейсон қаласының маңындағы 87-ші тасжолда болған.

Аң 6 айда жолдан 147 рет өткен.  Ол  артқы аяғына тұрып, жаяу жүргіншілер түймесін басады екен. Тіпті оқиғаға қатысты биологиялық зерттеушілердің «бұл кездейсоқтық емес» деген ойдан шығарылған дәйексөздері де жарияланған.

Алайда бұл ақпарат толығымен жоққа шығарылды. Сарапшылардың тексеруі бұл фотоның жасанды интеллекпен  жасалғанын анықтады. Редакцияның мәліметінше,  бұл кадрлар нейрожелі арқылы әдейі жасалған.

«Қорытындылай келе, жедел тексеру барысында суреттің қолдан жасалғаны, ал тараған қауесеттің жалған екені анықталды. Біреу суретті жасау үшін, сондай-ақ ойдан шығарылған оқиғаны жазу үшін де жасанды интеллект құралын қолданған», — деп жазады басылым.

Жергілікті ақпарат агенттіктері мен жаңалықтар сайттарында бұл  туралы ешқандай мәлімет жарияланбаған. Мамандар мұндай фейктер желіде қаралым мен лайк жинау мақсатында әдейі таратылатынын еске салып, азаматтарды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Сообщение Шибөрі бағдаршам батырмасын өзі баса алады — аңның жалған фотосы тарады появились сначала на NoFake.

«Яндекс Доставка» атын жамылған алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдап жүр
Ресейлік БАҚ-тың бірінде киберқылмыскерлер «Яндекс Доставка» атын жамылып, хабарландыру сайттарының пайдаланушыларын жаппай алдап жүргені туралы материал жарық көрді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Басылымның жазуынша, алаяқтар танымал «Мамонт» схемасының жаңа нұсқасын қолданып, Ресей мен Қазақстандағы азаматтардың қалтасын қағып жүр. «Эфшесть/F6» киберқауіпсіздік сарапшыларының деректеріне сүйенген көршілес әріптестеріміз бұл схема арқылы 2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта қаскөйлер 1 миллиард рубльден астам қаражат жымқырғанын айтады. Зардап шеккен әрбір адамның орташа шығыны 11 мың рубльге жеткен. Бүгінгі таңда бұл тәсіл шабуылдар саны бойынша тек телефон алаяқтығынан ғана кейін тұр.

Қос сценарий: алаяқтар қалай жұмыс істейді?

Қауіпсіздік сарапшылары ресми сервис кейпіне еніп, атаулары қасақана қате жазылған (yandex-doctavym.website немесе dostavka-y.website сияқты) 20-дан астам жалған ресурс анықтаған. Алаяқтар мұндай фишингтік беттерді арнайы Telegram-боттар арқылы небәрі бірнеше минутта жаппай жасап шығарады. Қазірдің өзінде бұл схеманы қолданатын топтарда 3 мыңнан астам қатысушы бар.

Алаяқтық схема екі негізгі бағытта жүзеге асады. Оның біріншісі – сатушыларды алдау. Қаскөй хабарландыруды «сатып алушы» ретінде жариялап, келісімді «Яндекс Доставка» арқылы рәсімдеуді ұсынады. Сатушыға тауарды жібермей тұрып ақшаны алу үшін жалған ресурсқа сілтеме жіберіледі. Нәтижесінде жәбірленуші банк картасының деректері мен СМС-кодты енгізген сәтте, ақша түспейді, керісінше шотындағы бар қаражаты шешіліп алынады.

Ал сатып алушылар қалай алданады? Бұл кезде алаяқ «сатушы» рөлінде болады. Клиентке тауарды алғаннан кейін төлеуге уәде беріп, жалған төлем шлюзіне апаратын сілтеме жібереді. Құрбан өз қолымен құпия мәліметтерін енгізіп, бар ақшасын алаяқтарға сыйлап жібереді.

«Сатушыға ақша алу үшін СМС-кодты енгізудің еш қажеті жоқ. Егер сатып алушы сілтеме жіберіп, рәсімдеуге асықтырса, алдыңызда клиент емес, банк картаңызға көз тіккен алаяқ тұр», — деп ескертеді сарапшылар.

Қазақстандағы жағдай қалай?

Ресейлік БАҚ-та тараған бұл ақпараттан кейін редакциямыз Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласып, елімізде осындай фактілер мен тіркелген қылмыстық істердің бар-жоғын сұраған болатын.

«Мұндай деректер тіркелген жоқ», — деп жауап берді ведомство.

Алайда мұндай деректер тіркелмеген деген сөз  бұл схема бойынша ешкім алданып жатқан жоқ дегенді білдірмеуі мүмкін. Адамдардың барлығы мұндай жағдайда бірден полицияға арыз жазуға бара бермейтінін ескерген жөн. Біз Яндекс компаниясына хабарласып, қазақстандық тұтынушылар тарапынан шағым түскен-түспегенін сұрадық.

Скрин «Яндекс Плюс» тұтынушыларды қолдау қызметімен сөйлесуден

«Иә, мұндай фишинг жағдайлары шынымен де бар – Қазақстанда және басқа елдерде. Алаяқтар сенімді көріну үшін «Яндекс Доставка» сияқты атауларды пайдаланады», — деп жауап берді компанияның тұтынушыларға қолдау көрсету қызметі.

Сонымен қатар олар тұтынушыларына ешқашан қоңырау шалып, код сұрамайтынын ескертті.

«Яндекс ешқашан қоңырау шалып, WhatsApp немесе күдікті сайттар арқылы карта деректерін, парольдерді немесе СМС-кодтарды сұратпайды. Ақша тек сіздің аккаунтыңыз арқылы есептен шығарылады және оны жеке кабинеттен көруге болады», — деді.

Бұған дейін біз алаяқтар курьерлік жеткізу мен маусымдық жеңілдіктерді қалай пайдаланатынын жазған болатынбыз.

Сообщение «Яндекс Доставка» атын жамылған алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдап жүр появились сначала на NoFake.

Елімізде қант өндірісінің жеті есеге төмендегені рас па
Интернетте  «Елімізде қант шығару көлемі 7 есе азайды» деген материал жарияланды. Бұл ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігі растамады, деп хабарлайды NoFake.kz.

Скрин әлеуметтік желіден

Министрліктің хабарлауынша, мұндай ақпараттың тарауына түрткі болған өткен жылдың қаңтар-сәуір айларындағы өндірілген қант көлемінің биылғы дәл сол кезең аралығында өндірілген қант көлемінен артық болуы. Алайда бұл көрсеткіш 7 емес, 3,3 есе төмендеген. Оған себеп — 2025 жылы  2024 жылдан қалған қызылша да өңделген.

Қант өндірісінің көлемі неліктен өзгерді?

Министрлік мәліметінше, мәселенің төркіні мынада: 2024 жылы қант қызылшасы мол шығып, рекордтық көрсеткіш – 1,2 млн тонна өнім жиналған. Оның жартысы 2025 жылға дейін өңделген.

2024 жылы қант қызылшасы өсірілетін өңірлерде түсімділік жоғары болып, нәтижесінде рекордты 1,2 млн тонна қант қызылшасы жиналды (Алматы облысы – 8,4 мың тонна, Жамбыл облысы – 648 мың тонна, Жетісу облысы – 612,2 мың тонна). Өсірілген қант қызылшасының көлемі зауыттардың өңдеу қуатынан асып түсті, соның салдарынан қызылшаны өңдеу маусымы 2024 жылдың қыркүйегінен басталып, келесі жылға ауысу арқылы 2025 жылдың наурызына дейін созылды. Бұрынғы жылдары өңдеу жұмыстары 110 тәулікке дейін ғана созылатын еді», — деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Осылайша, 2024 жылғы өнімнен барлығы 128 мың тонна қант алынып, оның ішінде 64 мың тоннасы 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында, ал қалған 64 мың тоннасы 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында өндірілген. Яғни, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауабына сәйкес елімізде 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында 21 мың тонна қант өндірілсе, осылайша 2025 жылдың қаңтар — сәуір айларында бұл көрсеткіш 70,2 мың тоннаға тең болған. Яғни қант өндірісі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3 есеге төмендеді.

Ішкі нарықтағы қажеттілік және жалпы ахуал

Министрлік еліміздің ішкі нарығындағы қантты жылдық орташа тұтыну көлемі шамамен 500 мың тонна екенін мәлімдеді. 2025 жылы нарықтың бұл қажеттілігінің 113,3 мың тоннасы (жалпы көлемнің 23%-ы) отандық шикізат өнімдері арқылы қамтамасыз етілсе, тропикалық шикізатты (тростник) өңдеу арқылы – 58,7 мың тонна, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тасымалданған дайын өнім – 512,9 мың тоннаға тең болған. Сонымен қатар, республикада қант өндіретін 4 зауытта шикізатты өңдеу қуатын арттыруға бағытталған жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

«Көксу қант зауытында қант қызылшасын өңдеу қуатын тәулігіне 2,2 мың тоннадан 5 мың тоннаға дейін арттыру жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі – 2027 жыл. «Ақсу Қант» ЖШС кәсіпорнында инвестор зауыттың қуатын тәулігіне 3,5 мың тоннадан 4,5 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, аяқталу мерзімі – 2028 жыл. Бұдан басқа, Тараз қант зауыты ағымдағы жылдың қазан айында қант қызылшасын өңдеу бойынша тәуліктік қуаты 3 мың тонна болатын желіні іске қосуды жоспарлап отыр. Зауыттарды қызылша шикізатымен қамтамасыз ету үшін 2026 жылы қант қызылшасының егіс алқаптары 21,5 мың гектарға дейін кеңейтілді (2025 жылы – 17,8 мың гектар)», — деп мәлімдедіминистрлік редакциямызға берген жауабында министрлік.

Сонымен,  елімізде қант қызылшасының егістігі былтырмен салыстырған 3.7 мың гектарға кеңейіп,  2028 жылға дейін қант өндірісі жоғарыда аталған зауыттарда тәулігіне 6800 тоннаға артатыны белгілі болды. Бұған дейін ҚР АШМ-нің қант бағасына қатысты  мәлімдемесі туралы  жаздық.

Сообщение Елімізде қант өндірісінің жеті есеге төмендегені рас па появились сначала на NoFake.

Флюорографияны жылына екі рет жасау қатерлі ісікке әкеле ме — Бас пульмонолог жауап берді
Кей адамдар флюорографиядан жылына бірнеше рет өту денсаулыққа зиян келтіріп, тіпті қатерлі ісік қаупін арттыруы мүмкін деп қауіптенеді. Осы себепті қажетті тексеруді кейінге қалдыратындар да бар. Алайда мамандар мұндай қорқыныштың негізсіз екенін айтып, дәрігер ұсынған тексеруден бас тартудың салдары әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Қазақстанның Бас штаттан тыс пульмонологы Наталья Латыпова рентгенография мен флюорографияның қаншалықты жиі жасалатыны медициналық көрсетілімдерге байланысты екенін түсіндірді.

«Иә, мен мұны кейде естимін. Бірақ бізде рентгенография немесе флюорографиядан өту жиілігі жыл сайын деп бекер қойылмаған. Яғни, бұл жүктеменің қауіпсіз екені ғылыми түрде дәлелденген. Кез келген қосымша жүктемелер жайдан-жай жасалмайды, олар қажеттілікке байланысты орындалады»,- дейді маман.

Дәрігердің сөзінше, медициналық тексеру кезінде алынатын сәулелену мөлшерін күнделікті өмірде адам ағзасына әсер ететін басқа факторлармен де салыстыра қарастырған жөн.

«Қосымша әсердің қаншалықты қауіпті екені туралы айтатын болсам, бізді қоршаған радиациялық фон және біз күн сайын тыныс алатын ауа рентгенографиядан өтуге қарағанда әлдеқайда қауіптірек», — деп атап өтті пульмонолог.

Сонымен қатар маман кей пациенттердің денсаулыққа әлдеқайда үлкен қауіп төндіретін әдеттерден бас тартпай, қажетті диагностикалық тексеруден сәулеленуден қорқып қашатынын айтады.

«Шылым шегетін, өз денсаулығына аса мұқият мән бермейтін адамның «КТ немесе рентгенографияны қайталап түспеймін, мен мұны осыдан жарты жыл бұрын жасаған едім, қауіптенемін» дегенін есту мен үшін тым таңқаларлық жайт», — дейді Наталья Латыпова.

Маманның пікірінше, диагностиканың пайдасы мен зияны оны жүргізудің маңыздылығына тікелей байланысты. Бір реттік немесе қажеттілікке сай жасалатын процедуралар ағзаға қауіп төндірмейді. Дәрігерлер белгілі бір аурулар немесе күдікті өзгерістер кезінде динамиканы бақылау үшін зерттеуді бірнеше рет қайталауды талап етуі мүмкін, бұл қатерлі ісіктің алдын алуда шешуші рөл атқарады.

«Егер дәрігер сізге міндетті түрде қайта өтіп, бақылау жасау қажет деп есептесе, оны тыңдаған дұрыс. Жай ғана мысалы, менде сондай жағдайлар болды: пациентке «білесіз бе, сізде КТ кезінде өзгерістер бар, мысалы, 6-8 айдан кейін, ең кешіктіргенде 12 айдан соң қайта тексерілуіңіз керек» десе, пациент өзіне осындай сылтау ойлап тауып, тексерілмейді. Салдарынан екі жылдан кейін ауыр симптомдармен келіп, кейде кеш қалып жатады. Сондықтан дәрігердің ұсыныстарын елемеуге болмайды», — деп қорытындылады пульмонолог.

Айта кетейік, бұған дейін бізге Бас пульмонолог «Темекіні бірден тастау қауіпті ме?» деген сауалға жауап берген болатын.

Сообщение Флюорографияны жылына екі рет жасау қатерлі ісікке әкеле ме — Бас пульмонолог жауап берді появились сначала на NoFake.

Партияда жоқ 11 миллион азамат мемлекет басқаруға қатыса алмайтыны рас па
Әлеуметтік желіде қолданушылардың бірі «Билік өзін-өзі ұсынғандар мен бір мандатты кандидаттарды алып тастап, 11 миллион азаматты мемлекетті басқаруға қатысу құқығынан айырды» деген пікір білдірді. Бұл жазба желіде қызу талқыланып жатыр. Аталған мәлімдеменің қаншалықты негізді екенін NoFake.kz саясаттанушы Талғат Қалиевтен сұрады.

Скрин әлеуметтік желіден

Маман мұндай пікірдің мүлде негізсіз екенін айтты.

«Бұл – мүлдем бұрмаланған түсінік, өйткені 11 миллион сайлаушының барлығы бірдей өкілді органға сайлана алмайтыны түсінікті ғой. Сондықтан олар депутаттарға дауыс береді және өздерінің саяси мүдделерін солар арқылы жүзеге асырады. Сол себепті де ешкім азаматтардың сайлауға қатысу құқығын тартып алып жатқан жоқ, адамдар сайлау арқылы мемлекетті басқарады», -деп жауап берді саясаттанушы.

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде сайлауға қарапайым азаматтар тек партия арқылы ғана қатыса алатындықтан, миллиондаған қазақстандық елдегі саяси процестерге ықпал ету мүмкіндігінен айырылды деген пікірлер айтылып жүр. Алайда  Конституцияның 35 бабына үңілсек, бұл пікірдің қате екені және ұғымдардың шатастырылғанын анық көруге болады.

Заңда азаматтардың екі түрлі құқығы туралы жазылған. Оның бірі  дауыс беру болса, екіншісі – сайлану құқығы.

Сайлау құқығы, яғни белсенді құқық дегеніміз не? Ол кез келген азаматтың сайлау учаскесіне келіп, өзінің сенім артқан кандидатына немесе партиясына дауыс беру мүмкіндігі. Бұл құқық партияда жоқ 11 миллионға жуық қазақстандықтың бәрінде бар. Ата заңымыздың 35 бап, 3-тармағына сәйкес, тек сот әрекетке қабілетсіз деп таныған , сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген азаматтардың сайлауға, жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы жоқ.

Ал сайлану құқығы (пассивті құқық) дегеніміз – азаматтың депутат болуға өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі. Бұрын сайлауға азаматтар өзін-өзі ұсынса, енді үміткерлер тек партия атынан ұсынылуы шарт. Саясаттанушы Талғат Қалиев мұның көптеген артықшылықтарын атап өтті.

«Сонымен қатар, партия мүшесі, яғни фракция депутаты бір мандатты округ бойынша сайланған жеке депутатқа қарағанда өз жұмысында әлдеқайда тиімдірек. Өйткені әрбір партиялық депутаттың артында оның үлкен пікірлестер тобы, өз фракциясы және бүкіл партияның ресурстары тұр. Ол партияның ресурстарына сүйене алады, соның ішінде парламентте өкілдігі бар, 5-пайыздық кедергіні еңсерген партия мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру құқығына ие бола алатындықтан, бұл мүмкіндіктер артады. Бұл – ресурстар, бұл партияның мүмкіндіктері мен ресурстарын ұлғайтады, олар сараптамалық орталықтар құра алады, өз БАҚ-тарын тағайындай алады және өз депутаты көтерген тақырыптарды насихаттай алады. Сондықтан партиядан сайланған депутат әлдеқайда тиімдірек жұмыс істейді», — дейді маман.

Айта кететін жайт, Конституциямыздың жоғарыда көрсетілген бабына сәйкес сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінә тағылған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

«Партиясыз» азаматтар деген кімдер және партиялар не үшін оларға жұмыс істейді?

Партия құрамында болмау — бұл әр адамның өз еркімен жасаған таңдауы. Бұл құқықтарыңыздың аз екенін білдірмейді. Бұл жай ғана сіздің ешқандай саяси ұйымның тізімінде жоқ екеніңізді білдіреді. Ал партияларға партиясыз азаматтардың дауысы қажет.

«Жалпы алғанда, әрбір партия сайлаушылардың дауыстары үшін күреседі. Тиісінше, ол ең көп дауыс жинау үшін тек өз партиясы мүшелерінің ғана емес, бүкіл халықтың мүдделерін білдіруге ұмтылады. Өз партияластарының осы партияға кез келген жағдайда дауыс беретіні түсінікті. Дәл сол сияқты, әрбір партия партия қатарында жоқ, яғни партиясыз азаматтардың көңілінен шығып, симпатиясына ие болу үшін күреседі. Сондықтан олар барлық азаматтардың, соның ішінде партиясыз азаматтардың да мүдделерін қорғайтын болады», — дейді Талғат Қалиев.

Түйін

11 миллионға жуық азамат мемлекетті басқаруға араласу құқығынан айырылды деген тұжырым – миф. Қазақстандықтардың дауыс беру құқығы да, биліктен есеп талап ету құқығы да, өз пікірін айту құқығы да ешқайда кеткен жоқ. Тек жаңа жүйе өзін өзі ұсынушыларды алып тастап, партия атынан ұсынылу мүкіндігін қалдырды. Енді саясаткерлер әрбір партиясыз сайлаушының сенімі үшін партияларға бірігеді. Айта кетейік, біз бұған дейін сайлау туралы жалған ақпаратпен ОСК қалай күресетіні жайлы жазған болатынбыз.

Сообщение Партияда жоқ 11 миллион азамат мемлекет басқаруға қатыса алмайтыны рас па появились сначала на NoFake.

«10 мыңнан астам байқаушы дайын»: «Дауыс» коалициясы Құрылтай сайлауын қалай бақылайды
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттары сайлауының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, қоғамдық байқауды ұйымдастыру жұмыстары сайлау науқаны басталған сәттен-ақ еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде қолға алынған.

«Қазіргі таңда Коалиция республика бойынша қоғамдық байқаушыларды кешенді даярлау жұмыстарын жүргізуде. Оқыту бағдарламасы шалғай өңірлердегі қатысушыларды да қамтып, сайлау заңнамасын зерделеуге, сайлау учаскелеріндегі жұмыс алгоритмдерін меңгеруге, ақпаратты тіркеу тәртібіне және сайлау процесіне қатысушылармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға бағытталған», — деді ол.

Ұзақмерзімді бақылау және БАҚ мониторингі

Коалиция өкілдері тек сайлау күні ғана емес, науқанның өзге де кезеңдері жіті бақылауда екенін атап өтті. Коалицияның тең төрағасы Аян Сәлімгереев бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Біз ұзақмерзімді бақылауды да қолға алдық. Ол дегеніміз не? Ұзақмерзімді байқау ол сайлау процесін тек сайлау күні емес, жалпы оған дейінгі және одан кейінгі процесті байқау болып табылады. Яғни кешенді түрде бақылау. Сайлау науқаны басталғаннан бастап осы өңірлердегі билбордтар, агитациялық материалдар, одан қалды БАҚ құралдары (мысалы, біз қазір «Хабар 24» арнасын сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін бақылап жатырмыз), ашық алаң, саяси талқы, әлеуметтік желі, үгіт-насихат материалдарының дұрыс жасалуы – осы процестердің барлығына біз қазіргі таңда бақылау жүргізіп жатырмыз», — деді Аян Сәлімгереев.

Байқаушылардың құрамы мен тәжірибесі

Коалиция деректері бойынша, байқаушылардың жас ерекшеліктері мен кәсіби деңгейі әртүрлі әлеуметтік топтарды қамтиды.

«Байқаушылардың 20%-ы 24–35 жас аралығындағылар, 70%-ы – 35–50 жас, ал 10%-ы – 50–65 жас аралығындағы азаматтар. Қатысушылардың 55%-ы –әйелдер, 45%-ы – ер адамдар. Олардың 22%-ы қызмет көрсету саласының мамандары, 15%-ы заңгерлер, 10%-ы ұстаздар мен дәрігерлер», — деді Сәбит Рыспаев .

Сонымен қатар, мамандар дауыс беру күні байқаушылар сайлаудың басынан соңына дейін қатысатынын ерекше атап өтті.

«Байқаушылар барлық процесті қадағалайтын болады: учаскелердің ашылуы, дауыс беру, оның ішінде үй-жайларынан тыс жерлерде дауыс беру, дауыстарды санау, стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді ашу, пайдаланылмаған бюллетеньдерді жою және қорытынды шығару», — деді коалция төрағасы Төлеген Күнәділов.

Коалиция өкілдері азаматтар мен байқаушылардан түсетін ақпараттарды жедел қабылдау үшін +7 707 940 2171 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейтінін хабарлады. Ал дауыс беру күні байқаушылар Республикалық ситуациялық орталық іске қосылып, өңірлерден келісетін ақпараттарды үйлестіріп, сараптама жасайтынын айтты.Айта кетейік, бұған дейін біз сайлауалды үгіт материалдарын қайда жариялауға болатыны жайлы жазған болатынбыз.

Сообщение «10 мыңнан астам байқаушы дайын»: «Дауыс» коалициясы Құрылтай сайлауын қалай бақылайды появились сначала на NoFake.

Уағызды кімдер және қайда айта алады — заңда не делінген
Соңғы күндері Қазнетте қоғамдық орындардағы діни насихат мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұған тойда тілек айту кезінде діни уағыз айтқан ер адамның видеосы мен елордалық кофеханалардың бірінде Құран сүресін жатқа оқығандарға тегін кофе ұсынған акция себеп болды.

Осыған орай, NoFake.kz «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес азаматтарға кімдер уағыз айта алады, уағыз айтуға қай жерлерде рұқсат етілген және қандай шектеулер қойылған деген үш негізгі сұраққа заң баптары арқылы жауап беруді жөн көрді.

Уағызды кімдер және қайда айта алады?

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, кез келген азамат көшеде немесе әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізе алмайды. Заңды түрде уағыз айтуға тек мына тұлғалар ғана құқылы:

Ресми діни қызметкерлер мен имамдар: Тіркелген діни бірлестіктердің (мешіттердің) жарғысына сәйкес тағайындалған діни қызметкерлер.

Арнайы аттестацияланған мамандар: ҚМДБ жанындағы республикалық немесе өңірлік ақпараттық-насихат тобының мүшелері.

Миссионерлер: Заң талаптарына сай жергілікті атқарушы органдардан миссионерлік куәлігін алған тұлғалар.

Уағыз тек мынадай арнайы орындарда жүргізілуі тиіс:

Заңды түрде тіркелген ғибадат үйлері (мешіттер) және олардың аумағы.

Жергілікті атқарушы органдар арнайы келісіп белгілеген орындар.

Ресми тіркелген діни білім беру ұйымдарының қабырғасы.

Уағыз айтуға қай жерлерде шектеу қойылған?

Қазақстанның зайырлы мемлекет қағидатын қорғау мақсатында Заңның 3-бабы мен 7-бабының талаптарына сәйкес, мына нысандар мен орындарда кез келген діни уағыз-насихат пен діни жоралғыларға қатаң шектеулер мен тыйымдар қойылған:

Білім беру ұйымдарында: Мектептерде, колледждерде, университеттер мен балабақшаларда діни уағыз айтуға және діни насихат жүргізуге тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар мен мекемелердің ғимараттарында.

Әскери бөлімдер мен құрылымдарда.

Қоғамдық көліктерде және арнайы бөлінбеген басқа да қоғамдық орындарда.

Заң талаптары бұзылса қандай жауапкершілік қарастырылған?

Егер заңсыз уағыз жүргізілсе немесе белгіленген шектеулер сақталмаса, бұл үшін құқықтық жауапкершілік туындайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 475-бабы («Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу») бойынша:

Діни әдебиеттерді, өнімдерді заңсыз тарату, рұқсат етілмеген орындарда уағыз айту немесе миссионерлік қызмет ережелерін бұзу жеке тұлғаларға айыппұл салуға, ал шетелдік азаматтар үшін елден шығарып жіберуге дейін әкеп соқтырады.

ҚМДБ не дейді?

Ал тойдағы азамат сөздеріне қатысты ҚМДБ өкілдері ресми мәлімдемесінде «қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттамалар беру дұрыс емес» екендігін айтты.

«Ислам діні даналықпен насихат айтуға, өзгелерді ауыр сөзбен айыптамауға, біреудің ар-намысына құрметпен қарауға үндейді. Сондықтан қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттамалар беру дұрыс емес. Сонымен қатар аналарымызды, қыз-келіншектерді бейәдеп сөзбен кемсіту де өрескел қателік деп санаймыз. Адамды арсыздыққа, азғындыққа және шариғат тыйым салған істерге үндейтін әндерді дініміз құптамайды. Алайда дініміз бен дәстүріміздің асыл құндылықтарын дәріптейтін, Отанды қорғауға, ата-ананы қадірлеуге үндейтін, адамгершілік пен ізгілікке шақыратын әндерге рұқсат берілетіні жайында Ислам ғалымдарының пікірі бар, — деді Діни басқарма өкілдері.

Айта кетейік, бұған біз ҚМДБ діни және ұлттық құндылықтарға тіл тигізгендерге мәлімдеме жасағаны жайлы хабарлаған едік.

Сообщение Уағызды кімдер және қайда айта алады — заңда не делінген появились сначала на NoFake.

Солтүстік Кипрде жараланған 22 жастағы қыз қазақстандық емес — СІМ
Сыртқы Істер министрлігінің мәліметіне сәйкес Солтүстік Кипрде жараланған 22 жастағы қыз Қырғызстан азаматы, деп хабарлайды NoFake.kz.

Алайда бойжеткеннің ұлты — қазақ. Бұған дейін әлеуметтік желілерде жәбірленушінің Қазақстан азаматы екені айтылған болатын.

«Деректерді нақтылау барысында жәбірленушінің Қазақстанда туғаны, бірақ Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды», — деп хабарлады СІМ өкілдері редакциямызға берген жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін  3 тамызда күндізгі уақытта Никосия (Левкоша) қаласындағы «Metropol Market» супермаркетінде белгісіз ер адам дүкен ішінде 22 жастағы Жанерке Абдразақоваға кенеттен шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ сұққаны жайлы ақпарат тараған болатын.  Күдікті қызға ауыр жарақат салғаннан кейін, өзіне де пышақпен жарақат келтірген.

Қазір жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын және қылмыстың нақты себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сообщение Солтүстік Кипрде жараланған 22 жастағы қыз қазақстандық емес — СІМ появились сначала на NoFake.

Әлеуметтік желіде сайлауға баруға немесе бармауға үндеуге бола ма — Заң не дейді
«Кез келген қазақстандық әлеуметтік желідегі парақшасында сайлауға баруға немесе бармауға үгіттей ала ма?» — бұл сұрақ әсіресе саяси науқан кезінде жиі қойылады. Көпшілік жеке парақшамыз өзіміздікі ғой деп ойлайды, бірақ бұл мәселенің өз заңды шектеулері бар, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңы нені талап етеді?

Бұл заңға сәйкес, елімізде сайлауға қатысу – әр азаматтың өз еркі. Ешкім ешкімді сайлауға баруға да, бармауға да мәжбүрлей алмайды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 3-бабы, 3-тармағына сәйкес,  азаматтардың сайлауға қатысуы ерiктi түрде жүзеге асырылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

Сайлауға баруға шақыру – бұл көбінесе азаматтық белсенділік ретінде қабылданады. Дегенмен, заң тұрғысынан сайлауалды үгіт-насихатты тек ресми тіркелген кандидаттар мен партиялар ғана жүргізе алады.

Сайлауға бармауға (бойкот жасауға)  үгіттеуге заң жүзінде тыйым салынған. Әлеуметтік желіде «сайлауға бармаңыздар», «бұл сайлаудың мәні жоқ» деп көпшілікті үндеуге шақыру заң бұзушылық болып саналады.

Неліктен бойкотқа үндеуге болмайды?

Мемлекет сайлауды маңызды саяси науқан ретінде қарастырады. Жалпы жұртты сайлауға қатыспауға шақыру – бұл науқанның қалыпты өтуіне кедергі жасау және басқа азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруына әсер ету деп бағалануы мүмкін.

Бұл әрекеттер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабымен реттеледі. Онда сайлауалды үгіттің кімдер тарапынан және қалай жүргізілетіні нақты жазылған. Яғни үгіт-насихат жұмыстарын тек тіркелген кандидаттар, олардың сенім білдірілген өкілдері және саяси партиялар ғана жүргізе алады.

Кез келген әлеуметтік желі қолданушысының көпшілікке сайлауға бойкот жариялауға үндеу жасауы – заңда рұқсат етілмеген заңсыз үгіт-насихат немесе науқанға кедергі келтіру ретінде қарастырылады.

Сайлауға қатыспауға шақырған адамдар үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Егер азамат әлеуметтік желіде сайлауға қарсы шығып, бойкот жариялауға үгіттейтін жазбалар жарияласа, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 11 тарауынының мына баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін:

102-бап («Сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу»): Үгіт жүргізуге рұқсат етілмеген уақытта немесе белгіленбеген тәртіппен үгіт жасау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

103-бап («Сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру»): Сайлау процесінің қалыпты өтуіне және заңды үгіт-насихатқа қол сұғуға тыйым салынады.

112-бап («Бұқаралық ақпарат құралдары және онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу»): Әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда үгіт жүргізу немесе оның талаптарын бұзу заңбұзушылық болып саналады.

122-бап («Сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу»): Заң талаптарын айналып өтіп, рұқсат етілмеген форматта үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік көзделген.

Заң талаптарын бұзған азаматтарға ескерту жасалып немесе белгіленген мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.

Сообщение Әлеуметтік желіде сайлауға баруға немесе бармауға үндеуге бола ма — Заң не дейді появились сначала на NoFake.

Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу қалай жеңілдейді — СІМ түсіндірді
Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдей ме? Сыртқы істер министрлігі редакциямыздың визалық режимді жеңілдету, Еуропалық одақпен жасалып жатқан келісім және қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды NoFake.kz

Еуроодақпен келісім қай елдерді қамтиды?

СІМ мәліметінше, болашақ жеңілдіктер Шенген аймағына кіретін және Шенген заңнамасын толық қолданатын 25 Еуропалық Одақ мүшесіне қатысты болады.

«Келісім Шенген аймағына кіретін және Шенген заңнамасын толық қолданатын Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерге қатысты болады. Еуропалық Одақтың визалық саясаты мен Шенген құқығының ерекшеліктеріне байланысты бұл келісім ЕО-ның барлық елдеріне бірдей автоматты түрде таралмайды. Келісім қолданатын ЕО елдері (25 мемлекет): Австрия, Бельгия, Болгария, Мажарстан, Германия, Греция Испания, Италия, Кипр (ішінара Шенген), Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швеция, Эстония», — деп хабарлады СІМ өкілдері.

Келісім қашан күшіне енеді?

Қазіргі уақытта құжатқа қол қою алдындағы мемлекетішілік рәсімдер жүріп жатыр. Оған ведомствоаралық келісу, міндетті сараптамалар және Үкімет қаулысын қабылдау кіреді.

«Жобаға қол қойылғаннан кейін құжат парламенттік ратификациялаудан өтіп, тараптардың ресми ноталармен алмасуынан кейін күшіне енеді. Осыған байланысты Келісімнің нақты күшіне ену мерзімі және жеңілдетілген визалық рәсімдерді қолданудың басталу күні туралы ресми ақпарат Келісім күшіне енгеннен кейін жарияланатын болады», — деп хабарлады СІМ редакциямызға берген жауабында.

Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

Ведомствоның мәліметінше, 2022–2025 жылдары жүргізілген жүйелі дипломатиялық жұмыстардың нәтижесінде қазақстандықтар визасыз бара алатын елдердің саны айтарлықтай артқан.

Мәселен, Қытаймен визасыз режим бойынша әрбір сапардың ұзақтығы 30 күннен аспауы тиіс. Алайда бір маңызды шектеу бар: 180 күндік (жарты жылдық) кезең ішінде Қытайда барлық сапарларыңызды қосқанда 90 күннен артық болуға болмайды.

Инфографика: NoFake.kz

Виза алу тәртібі мен консулдық талаптар қандай?

Әлеуметтік желілерде Польша, Чехия, Эстония, Прибалтика елдері және Чили секілді кейбір елдерге виза алу қиындап кетті деген пікірлер жиі айтылады. Министрліктен бұл мәселенің себебін сұрап көрдік.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өз қызметін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына, оның ішінде 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 41-бабында бекітілген мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидатына сәйкес жүзеге асырады. Осыған байланысты Министрлік шет мемлекеттің құзыретті органдарының қызметіне араласуға немесе олар қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге құқылы емес», — деп жауап берді.

Сондай-ақ, министрлік виза рәсімдеуге қажетті нақты құжаттар тізімі мен консулдық алым мөлшерін әр шет мемлекеттің ресми дипломатиялық өкілдіктерінің сайттарынан тексеруге болатынын айтты. Бұл сілтемелер ҚР СІМ-нің ресми сайтында қолжетімді.

Сообщение Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу қалай жеңілдейді — СІМ түсіндірді появились сначала на NoFake.