NoFake

Жоба туралы

Nofake.kz — тексерілген ақпаратқа, объективті талдау мен зерттеуге негізделген қазақстандық мультимедиалық жоба.

Жобаның миссиясы — елдегі контент өндірушілер мен оны тұтынушылар арасындағы дезинформацияға қарсы әрекет ету және медиасауаттылықты нығайту.

Редакция арнайы аналитикалық жүйелерді пайдалана отырып, Қазақстанның желілік кеңістігіне тұрақты мониторинг жүргізеді, қоғамдық маңызы бар хабарламалар мен мәлімдемелерді тексереді.

Жобаның мақсаты — ақпаратты сыни қабылдау мәдениетін қалыптастыру, күмәнді жаңалықтардың таралуын азайту және тексерілген фактілерге негізделген сапалы медиаөнім жасау.