Архивы Ресми - NoFake

Құрылтай сайлауы: eGov Mobile-да сайлау учаскесін қалай тексеруге болады
Қазақстандықтар енді Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесінің нөмірі мен мекенжайын eGov Mobile қосымшасы арқылы алдын ала тексере алады. Жаңа сервис 2026 жылғы 23 тамызда өтетін сайлауға орай іске қосылды.

Сервисті пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасына кіріп, басты беттегі «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің төменгі жағында орналасқан «Құрылтай-2026» белгішесін таңдау қажет. Осы жерден сайлаушы өз учаскесі туралы ақпаратты көре алады.

«Алғаш рет Құрылтай сайлауына қатысты негізгі ақпарат бір бөлімге жинақталды. Енді азаматтарға қажетті мәліметті әртүрлі ақпарат көздерінен іздеудің қажеті жоқ. Сервистің негізгі мақсаты – азаматтардың сайлауға қатысуын барынша жеңілдету және сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету», – деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.

«Құрылтай-2026» бөлімінде сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты мекенжайынан бөлек, есептен шығару куәлігін алу тәртібі туралы бейненұсқаулық, дауыс беру күніне дейінгі кері санақ, сайлауға қатысты жаңалықтар мен нормативтік-құқықтық ақпарат және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылған. Сонымен қатар сайлау учаскесін ЖСН арқылы Gov.kz-тегі арнайы сервистерден де анықтауға болады.

Сообщение Құрылтай сайлауы: eGov Mobile-да сайлау учаскесін қалай тексеруге болады появились сначала на NoFake.

Судьялар, әскерилер мен діни қызметкерлер сайлау кезінде әлжеліде кандидаттарды қолдай ала ма
Сайлауалды үгіт кезеңінде әлеуметтік желіде кандидатқа дауыс беруге шақыру, оның жазбасын бөлісу немесе қолдау білдіріп пікір қалдырудың өзі белгілі бір жағдайда үгіт ретінде бағалануы мүмкін. Ал заң бойынша үгіт жүргізуге тыйым салынған тұлғалар үшін мұндай әрекеттер жауапкершілікке әкелуі ықтимал.

NoFake.kz бұл жолы «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабында белгіленген сайлауалды үгіт жүргізу тәртібін талқылады. Заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ермек Байахметұлы кімдерге үгіт жүргізуге рұқсат етілетінін және кімдерге шектеу қойылғанын түсіндірді. Сарапшының айтуынша, әлеуметтік желідегі әрекеттің құқықтық бағасы оның мазмұнына байланысты.

«Онлайн-платформаларда материалдың астына “осы кандидатқа дауыс беріңіздер” деп пікір жазу, репост жасау немесе жарияланымды белсенді түрде бөлісу үгіт материалын таратуға қатысу ретінде қарастырылуы мүмкін. Ал заңмен үгіт жүргізуге тікелей тыйым салынған тұлғалар мұндай әрекетке барса, әкімшілік жауапкершілік мәселесі туындайды», – дейді Ермек Байахметұлы.

Ал қарапайым азаматтың жеке парақшасында кандидат туралы өз пікірін білдіруі азаматтық позиция саналады. Алайда кандидатқа дауыс беруге тікелей шақыру, оның бағдарламасын насихаттау немесе арнайы дайындалған үгіт материалдарын жүйелі тарату басқа құқықтық сипат алуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметшілерге қандай шектеу бар? Журналист кандидаттың сенім білдірген адамы болса, сайлау тақырыбындағы материалдармен жұмыс істей ала ма? Әскерилер, судьялар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен діни бірлестіктер өкілдерінің әлеуметтік желідегі белсенділігіне қандай талап қойылады? Толығырақ NoFake.kz YouTube арнасындағы жаңа шығарылымнан көріңіз.

Сообщение Судьялар, әскерилер мен діни қызметкерлер сайлау кезінде әлжеліде кандидаттарды қолдай ала ма появились сначала на NoFake.

Қазақстанның бірнеше өңіріне жалған көлік нөмірлерін сатқан күдікті ұсталды
Алматыда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін дайындап, Қазақстанның түрлі өңірлеріне сатумен айналысқан заңсыз схеманың ұйымдастырушысы ұсталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, операция Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген.

«Тергеу мәліметтері бойынша, жалған нөмірлер Ресей Федерациясынан экспресс-жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жіберіліп отырған», — деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қазір құқық қорғау органдары заңсыз схемаға қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтап жатыр. Тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

«Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді», — деп ескертті прокуратура.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Сообщение Қазақстанның бірнеше өңіріне жалған көлік нөмірлерін сатқан күдікті ұсталды появились сначала на NoFake.

Сайлау учаскесін қалай білуге болады: онлайн-сервис іске қосылды
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беретін азаматтар өз сайлау учаскесін алдын ала онлайн тексере алады.

GOV.KZ платформасында сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы сервис іске қосылды.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бірден үш онлайн-сервис әзірленген. Сайлаушы олардың кез келгеніне кіріп, өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты мекенжайын біле алады.

Сервистер мына сілтемелер арқылы қолжетімді:

https://www.gov.kz/sailau?lang=kk

https://sailau.gov.kz/kk

https://sailau2026.gov.kz/kk

Сонымен қатар сайлау учаскесін іздеу қызметі eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді. Осылайша, сайлаушылар дауыс беру күніне дейін өз учаскесінің орналасқан жерін алдын ала тексеріп, қажетті ақпаратты онлайн ала алады.

Сообщение Сайлау учаскесін қалай білуге болады: онлайн-сервис іске қосылды появились сначала на NoFake.

Жалған сыйлықтан зиянды ойынға дейін: балаларды алдайтын бес алаяқтық схема
Жазғы демалыс кезінде балалар интернетте көбірек уақыт өткізеді. Осыны пайдаланған алаяқтар оларды жалған сыйлықтар, ойын ішіндегі бонустар мен түрлі ұтыстар арқылы алдап, ата-аналарының ақшасы мен жеке деректеріне қол жеткізуге тырысады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ескертті.

Агенттік мәліметінше, қаскөйлер әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, мобильді ойындар мен бейне платформаларды белсенді пайдаланады. Балаларға тегін ойын валютасы, сыйлықтар, конкурстар немесе оңай табыс ұсынған болып, оларды күмәнді сілтемелерге өтуге, банк картасының деректерін енгізуге немесе құрылғыға зиянды қосымша орнатуға итермелейді.

ҚМА атаған ең көп таралған бес схема:

1. Жалған ұтыстар мен сыйлықтар.
Балаға қымбат сыйлық немесе ұтыс ұтқаны туралы хабарлама келеді. Оны алу үшін сілтемеге өту немесе банк картасының деректерін енгізу ұсынылады.

2. Таныстың атынан жазылған хабарлама.
Алаяқтар өзін досы, туысы немесе танымал блогер ретінде таныстырып, ақша аударуды, SMS-кодты жіберуді немесе басқа әрекет жасауды сұрайды.

3. Зиянды ойындар мен қосымшалар.
«Тегін», «жарнамасыз» немесе «барлық мүмкіндігі ашық» ойындарды жүктеуді ұсынып, құрылғыға зиянды бағдарлама орнатады.

4. Жалған сайттар.
Ойын платформалары немесе интернет-дүкендерге ұқсас сайттар арқылы пайдаланушылардың жеке және банктік деректерін жинайды.

5. Құрылғыдағы деректерге қол жеткізу.
Кейбір қосымшалар геолокацияны, фотосуреттерді, байланыс тізімін немесе басқа мәліметтерді көруге рұқсат сұрайды. Кейін бұл ақпарат алаяқтық әрекеттерде пайдаланылуы мүмкін.

Агенттік әсіресе баланың смартфоны ата-анасының банк қосымшаларымен немесе төлем сервистерімен байланыстырылған жағдайда қауіп арта түсетінін атап өтті. Егер құрылғыға зиянды бағдарлама орнатылса, алаяқтар қаржылық ақпаратқа және ақша қаражатына қол жеткізуі ықтимал.

«Балаларға интернетте жеке деректерді, құпиясөздерді және SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге беруге болмайтынын түсіндіру маңызды. Кез келген күмәнді хабарлама, қоңырау немесе ұсыныс кездессе, олар бірден ата-анасына хабарлауы керек», – деп кеңес береді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Ведомство тәуекелдерді азайту үшін ата-аналарға балалармен интернеттегі қауіпсіздік ережелерін тұрақты талқылауды, қосымшаларды тек ресми дүкендерден орнатуды, антивирустық бағдарламаларды пайдалануды, ата-аналық бақылау функциясын қосуды және балалардың цифрлық әрі қаржылық сауаттылығын арттыруды ұсынды.

Сообщение Жалған сыйлықтан зиянды ойынға дейін: балаларды алдайтын бес алаяқтық схема появились сначала на NoFake.

OLX-тегі заңсыз қаржылық жарнама схемасы қалай жұмыс істеген
Қостанай облысында OLX және Instagram платформаларындағы жарнамалар арқылы азаматтарға жоғары пайызбен қарыз ұсынып келген заңсыз қаржылық схема әшкереленді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Сот лицензиясыз микрокаржылық қызмет ұйымдастырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырған жергілікті тұрғынға үкім шығарды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мәліметінше, күдікті заңнамада көзделген лицензиясыз мүлікті кепілге қою арқылы қарыз беру қызметін ұйымдастырған. Клиенттерді тарту үшін OLX және Instagram платформаларында жарнамалар орналастырып, қаржылық қиындыққа тап болған әрі банктерден несие ала алмаған азаматтарды нысанаға алған.

«Азаматтардың ауыр материалдық жағдайын және екінші деңгейлі банктерден несие ала алмауын пайдаланып, оларға жылдық мөлшерлемесі 120%-ға дейін жететін жоғары пайызбен қарыз берген», – деп хабарлады ҚМА.

Тергеу барысында қарыз шарттарының да қолдан ұлғайтылып рәсімделгені анықталған. Нотариат куәландырған құжаттарда нақты берілген қарыз сомасының орнына алдын ала есептелген сыйақы, рәсімдеу шығындары мен басқа да төлемдер енгізіліп, қарыз көлемі негізсіз көбейтілген.

Мәселен, жәбірленушілердің бірі іс жүзінде 9 млн теңге алғанымен, келісімшартта 14 млн теңге көрсетілген. Кейін оған ешқандай қаражат берілмесе де, тағы 18 млн теңге көлеміндегі қарыз туралы шарт жасалған. Соның нәтижесінде сот шешімімен азаматтан жалпы 26 млн теңге өндірілген.

ҚМА мәліметінше, осы схема арқылы 50-ден астам азамат өздері үшін тиімсіз шарттармен қарыз міндеттемелеріне тартылған. Ал қылмыстық жолмен алынған кіріс көлемі 1 млрд теңгеден асқан.

Сот үкімімен айыпталушы 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ қылмыстық табысқа сатып алынған төрт пәтер, екі жер учаскесі, Mercedes-Benz G500, Dodge RAM 1500 және Hyundai Santa Fe автокөліктері мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сообщение OLX-тегі заңсыз қаржылық жарнама схемасы қалай жұмыс істеген появились сначала на NoFake.

«10 мыңнан астам байқаушы дайын»: «Дауыс» коалициясы Құрылтай сайлауын қалай бақылайды
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттары сайлауының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, қоғамдық байқауды ұйымдастыру жұмыстары сайлау науқаны басталған сәттен-ақ еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде қолға алынған.

«Қазіргі таңда Коалиция республика бойынша қоғамдық байқаушыларды кешенді даярлау жұмыстарын жүргізуде. Оқыту бағдарламасы шалғай өңірлердегі қатысушыларды да қамтып, сайлау заңнамасын зерделеуге, сайлау учаскелеріндегі жұмыс алгоритмдерін меңгеруге, ақпаратты тіркеу тәртібіне және сайлау процесіне қатысушылармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға бағытталған», — деді ол.

Ұзақмерзімді бақылау және БАҚ мониторингі

Коалиция өкілдері тек сайлау күні ғана емес, науқанның өзге де кезеңдері жіті бақылауда екенін атап өтті. Коалицияның тең төрағасы Аян Сәлімгереев бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Біз ұзақмерзімді бақылауды да қолға алдық. Ол дегеніміз не? Ұзақмерзімді байқау ол сайлау процесін тек сайлау күні емес, жалпы оған дейінгі және одан кейінгі процесті байқау болып табылады. Яғни кешенді түрде бақылау. Сайлау науқаны басталғаннан бастап осы өңірлердегі билбордтар, агитациялық материалдар, одан қалды БАҚ құралдары (мысалы, біз қазір «Хабар 24» арнасын сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін бақылап жатырмыз), ашық алаң, саяси талқы, әлеуметтік желі, үгіт-насихат материалдарының дұрыс жасалуы – осы процестердің барлығына біз қазіргі таңда бақылау жүргізіп жатырмыз», — деді Аян Сәлімгереев.

Байқаушылардың құрамы мен тәжірибесі

Коалиция деректері бойынша, байқаушылардың жас ерекшеліктері мен кәсіби деңгейі әртүрлі әлеуметтік топтарды қамтиды.

«Байқаушылардың 20%-ы 24–35 жас аралығындағылар, 70%-ы – 35–50 жас, ал 10%-ы – 50–65 жас аралығындағы азаматтар. Қатысушылардың 55%-ы –әйелдер, 45%-ы – ер адамдар. Олардың 22%-ы қызмет көрсету саласының мамандары, 15%-ы заңгерлер, 10%-ы ұстаздар мен дәрігерлер», — деді Сәбит Рыспаев .

Сонымен қатар, мамандар дауыс беру күні байқаушылар сайлаудың басынан соңына дейін қатысатынын ерекше атап өтті.

«Байқаушылар барлық процесті қадағалайтын болады: учаскелердің ашылуы, дауыс беру, оның ішінде үй-жайларынан тыс жерлерде дауыс беру, дауыстарды санау, стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді ашу, пайдаланылмаған бюллетеньдерді жою және қорытынды шығару», — деді коалция төрағасы Төлеген Күнәділов.

Коалиция өкілдері азаматтар мен байқаушылардан түсетін ақпараттарды жедел қабылдау үшін +7 707 940 2171 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейтінін хабарлады. Ал дауыс беру күні байқаушылар Республикалық ситуациялық орталық іске қосылып, өңірлерден келісетін ақпараттарды үйлестіріп, сараптама жасайтынын айтты.Айта кетейік, бұған дейін біз сайлауалды үгіт материалдарын қайда жариялауға болатыны жайлы жазған болатынбыз.

Сообщение «10 мыңнан астам байқаушы дайын»: «Дауыс» коалициясы Құрылтай сайлауын қалай бақылайды появились сначала на NoFake.

Қазақстандағы мұнай-газ жабдықтарының бәрі шетелден әкеліне ме?
Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың барлығы шетелден импортталады деген пікір жиі кездеседі. Алайда Қазақстан машина жасаушыларының одағы мұнай-газ саласына арналған жабдықтың барлығы импортталады деген пікірге түсініктеме берді.

«Қазақстанда мұнай-газ саласына арналған жоғары технологиялық өнім өндіретін кәсіпорындар саны артып келеді. Ұлттық компаниялармен жасалған ұзақ мерзімді келісімшарттар өндірісті кеңейтіп, қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беруде. Мәселен, Қарағандыдағы кәсіпорын бір жылдың ішінде өндіріс көлемін 4 997 данадан 5 675 данаға дейін ұлғайтты. Бұл өндірісті жергіліктендірудің нақты нәтижесін көрсетеді», – деді Қазақстан машина жасаушылары одағының баспасөз қызметі.

Одақ мысалға алған кәсіпорын Зауыт мұнай-газ саласы, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымға арналған жоғары технологиялық құбыр арматурасын шығарады. Өнімдері халықаралық API, ANSI және ГОСТ стандарттарына сәйкес келеді.

«Бёмер Арматура» өнімдері  – «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры, «Мақат – Солтүстік Кавказ», «Талдықорған – Үшарал» сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларда пайдаланылған. Сондай-ақ жабдықтар «Теңізшевройл», Karachaganak Petroleum Operating, NCOC, Павлодар мұнай-химия және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының жобалары үшін біліктілік рәсімдерінен өткен.

Одақтың мәліметінше, кәсіпорын 2026 жылы өндіріс көлемін 6 мың шарлы кранға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар зауыт өнімдегі қазақстандық қамту үлесін кезең-кезеңімен арттырып, бөлшектердің бір бөлігін өзінде өндірсе, қалғанын отандық кәсіпорындармен өндірістік кооперация арқылы дайындайды.

Сообщение Қазақстандағы мұнай-газ жабдықтарының бәрі шетелден әкеліне ме? появились сначала на NoFake.

«Қауіпсіз шоттан» криптовалютаға дейін: кибералаяқтардың схемасы қалай жұмыс істейді
Интернет-алаяқтық құрбандары ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудардым деп ойлайды. Алайда іс жүзінде қаражат қылмыстық схеманың бірнеше қатысушысы арқылы өткізіліп, кейін оның ізі жоғалуы үшін криптовалютаға айырбасталады. Осындай схеманың бір қатысушысына Солтүстік Қазақстан облысында сот үкімі шықты.

Схема қалай жұмыс істеген?

ІІМ мәліметінше, алаяқтар Петропавл қаласының тұрғынына өзін банк қызметкері ретінде таныстырып хабарласқан. Олар жәбірленушінің есепшотына бөгде адамдар қол жеткізгенін айтып, ақшаны сақтау үшін «қауіпсіз шотқа» аудару қажет екеніне сендірген.

Соның салдарынан жәбірленуші несие рәсімдеп, 2 млн 860 мың теңгені алаяқтар көрсеткен есепшотқа аударған. Тергеу барысында қылмыстық схеманың қатысушыларының бірі Павлодар қаласында банкомат арқылы бұл қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, кейін оны криптовалютаға айырбастағаны анықталды. Ол атқарған қызметі үшін ақшаның бір бөлігін өзіне қалдырған. Күдікті ізін жасыру үшін банкоматқа медициналық бетперде мен кепка киіп барған. Соған қарамастан полиция оның жеке басын анықтады. Ол – Павлодар облысының 21 жастағы тұрғыны.

Сот қандай шешім шығарды?

Сот оның заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға қасақана қатысқанын анықтап, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол жәбірленушіге келтірілген 2 млн 790 мың теңге материалдық залалды өтеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енді.

Неліктен ақшаны криптовалютаға айырбастайды?

Киберқылмыскерлер ұрланған ақшаны ізін жасыру және оны бақылауды қиындату үшін бірнеше адамның есепшоты арқылы өткізіп, кейін криптовалютаға айырбастайды. Мұндай схемада ақшаны қолма-қол шешіп немесе басқа активке айналдыратын адамдар құқық қорғау органдарының тәжірибесінде көбіне «дроппер» деп аталады.

Сообщение «Қауіпсіз шоттан» криптовалютаға дейін: кибералаяқтардың схемасы қалай жұмыс істейді появились сначала на NoFake.

Тойдағы даулы тост: ІІМ қылмыстық іс қозғады
ҚР Ішкі істер министрлігі тойда діни алауыздық тудыратын тост айтқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Nofake.kz.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдемелері қамтылған бейнежазба анықталған. Қазіргі таңда, аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етеді», — делінген ведомство хабарламасында.

ҚР ІІМ адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді.

«ІІМ сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтеді. Заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға беріледі», — делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, күні кеше желіде тойда тост сөйлеп, «Музыка — бәле, әншілер шайтанның азаншысы, ұрғашылар бөлек отырсын» деген бейнежазба тараған еді. Оған қатысты Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ерлан Қарин пікір білдіріп, мұндай діни алауыздыққа жол берілмеуі қажет екенін ескерткен еді. Бүгінгі таңда ІІМ аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғағаны анықталды.

Сообщение Тойдағы даулы тост: ІІМ қылмыстық іс қозғады появились сначала на NoFake.