NoFake

Сайлау учаскесін қалай білуге болады: онлайн-сервис іске қосылды

Фото: ortalyq.kz

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беретін азаматтар өз сайлау учаскесін алдын ала онлайн тексере алады.

GOV.KZ платформасында сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы сервис іске қосылды.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бірден үш онлайн-сервис әзірленген. Сайлаушы олардың кез келгеніне кіріп, өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты мекенжайын біле алады.

Сервистер мына сілтемелер арқылы қолжетімді:

Сонымен қатар сайлау учаскесін іздеу қызметі eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді. Осылайша, сайлаушылар дауыс беру күніне дейін өз учаскесінің орналасқан жерін алдын ала тексеріп, қажетті ақпаратты онлайн ала алады.

Оқу үшін