NoFake

Қауіпсіз шот бола ма — Прокурор алаяқтардың алдау схемасын түсіндірді

Фото: Астана қаалсының коммуникациялар қызметі

Елордада интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған брифинг өтті. Астана қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры Талғат Қалиев қазіргі таңдағы ең қауіпті қылмыстық схемалар мен азаматтарды қорғау жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Прокурордың айтуынша, қазіргі алаяқтар қарапайым тәсілдерден әлдеқайда кетіп, адамдардың сеніміне кіру үшін жасанды интеллект, жалған сайттар мен психологиялық қысымды белсенді қолданады.

Прокурор айтқан алаяқтықтың ең көп тараған схемалары:

 Прокурор Талғат Қалиев бүгін ең көп тараған алаяқтық схемаларын толық баяндап берді.

«Алаяқтар азаматқа банк немесе полиция қызметкері ретінде хабарласып, атыңызға несие рәсімделіп жатқанын немесе картаңыз бұғатталғанын айтады. Психологиялық қысым көрсетіп, қаражатты «арнайы қауіпсіз шотқа» аударуды талап етеді», — дейді прокурор Қалиев.

Прокурор шын мәнінде ешқандай қауіпсіз шот деген болмайтынын айтты.

«Ең қауіпті алаяқтар әрдайым бірден миллиондаған теңгені талап етпейді, кейде оларға азаматтардың бір ғана смс коды немесе банк картасының деректері немесе ұялы телефонына қол жеткізу жеткілікті болып табылады. Мысалы мысал келтірейін азаматқа өзін банк қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалады. Ол сіздің атыңызға несие рәсімдеуге әрекет жасалып жатыр немесе банк картаңыз бұғатталды деген ақпарат хабарлайды», — дейді маман.

Прокурор одан кейін әңгімеге өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыратын басқа адам қосылатынын айтты.

«Ол алғашқы ақпаратты растап, азаматтың ақшасын арнайы қауіпсіз шотқа адуару қажеттігін айтады. Шын мәнінде қауіпсіз шот жоқ. Қауіпсіз шот деген болмайды. Азамат психологиялық қысымға түскендіктен, өзінің қаражатын алаяқтардың шотына ауыстырады», — дейді Талғат Қалиев.

Алайда маман ешқандай қауіпсіз шот жоқ, тіпті ондай шот болмайтынын айтты. Прокурор алаяқтардың фишингтік сайттарға сілтеме жіберу арқылы алдау схемасы жайлы да баяндады.

«Тағы бір кең тараған тәсілдердің бірі – ол жалған несие туралы хабарлама. Азаматқа сізге несие мақұлданды немесе сіздің несиеңіздің мәртебесі өзгерді деген смс келеді. Азамат алданып, хабарламадағы сілтемеге өтеді. Сыртқы көрінісі банкке немесе қаржы ұйымына ұқсайтын жалған сайт ашылады. Ол алдын ала ашылып қояды. Сол жерден адам телефон номерін, жеке куәлік деректерін, банк картасының мәліметтерін және смс арқылы келген растау кодын енгізу туралы сұралады», — дейді ол.

 Дәл осы кезде, яғни азамат жеке мәліметтерін белгісіз сайтқа енгізгеннен кейін алаяқтар оның ақшасына қол жеткізуге мүмкіндігі пайда болады. Оған қоса брифинг барысында тәртіп сақшысы алаяқтар жасанды интеллект көмегімен қалай алдайтынын ашып айтты.

«Алаяқтардың тағы бір қауіпті түрі бұл – жасанды интеллектті пайдалану. Мысалы айтқанда, сіздің телефоныңызға сіздің жақын адамыңыздың даусымен біреу хабарлайды: Маған ақша керек немесе мен бір қиындықтарға түсіп қалдым. Жол апатына түсіп қалдым, маған тез арада ақша салуын сұрайды дейді. Мұндай мәселеде бізде көбіне үлкен кісілер  алаяқтардың арбауына түсіп қалады. Олардың немерелері, балалары ретінде звондағандықтан, олар сол дауысты өзінің балаларының дауысы деп ойлағандықтан, олар бірден ақша салып жібереді», — дейді прокурор.

Бұған дейін біз алаяқтар Шығыс Қазақстан облысының тұрғынының сеніміне кіріп, несие рәсімдегені жайлы жаздық.

Оқу үшін