Мұғалімдер үй жұмысының ЖИ-мен жасағанын қалай тексереді

Фото: Depositphotos
Үкіметте өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мұғалімдердің үй тапсырмасын ЖИ көмегімен жасағанын қалай тексеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Бірінші вице-министрдің сөзінше оқушыларға үй тапсырмасын ЖИ көмегімен жасауға болмайды. Сондай-ақ, министрлікте үй жұмысының ЖИ-мен жасалғанын анықтайтын әзірге құрал да жоқ екені белгілі болды. Шынар Ақпарованың айтуынша, үй тапсырмасының қалай орындалғанын әр педагог, сабақ уақытында тек кері байланыс орнату арқылы ғана біле алады.
«ЖИ көмегімен жасалған үй тапсырмасын тәжірибесі мол педагог бірден біледі. Яғни, мұғалім мектепке келген кезде кері байланыс арқылы баланың үй тапсырмасын өзі нақты орындады ма, соны біле алады. Ол сабақты сұрау барысында белгілі болады», — деді ол.
Ведомство өкілінің айтуынша, бүгінде министрлік балалардың өз бетінше үйде дайындалып, барынша үй тапсырмасының ЖИ көмегінсіз жасалуына ден қойып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін министрлік оқушылардың сабақта ұялы телефон ұстау ережелеріне қатысты шектеулерді түсіндірген еді.


