NoFake

Meta WhatsApp-тағы жеке хатты оқи ма: компания түсіндірді

Internet 3113279

Фото: pixabay.com

Енді адамдардың Meta AI-мен (Facebook, Instagram, WhatsApp-тағы жасанды интеллект) жүргізген диалогы компанияның алгоритмдерін үйрету және жарнаманы жекелендіру үшін пайдаланылуы мүмкін. 16 желтоқсаннан бастап компания құпиялылық саясатын жаңартады, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Дәлірек айтсақ, Facebook, Instagram және WhatsApp-тағы ЖИ-ассистент арқылы ақпарат алсаңыз, оны Meta өз жүйесіне және сізге қажет жарнаманы тауып беру үшін пайдалануы мүмкін. Яғни компания ЖИ-мен жүргізген хат-хабарларға қол жеткізіп, оны қолдана алады. 

Егер деректеріңіздің компаниямен қолданылғанын қаламасаңыз, төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз: 

Егер деректеріңіздің компаниямен қолданылғанын қаламасаңыз, төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз: 

Біріншіден. Facebook немесе Instagram → Баптаулар және құпиялылық → Аккаунттар орталығы → Жарнама баптаулары;

Екіншіден. «Meta-дан тыс белсенділік» бөліміне кіріп, барлық тарихты тазалап, бақылауды өшіріңіз;

Үшіншіден. Meta AI баптауларында деректерді оқытуға пайдалануға рұқсатты алып тастау;

Төртіншіден. WhatsApp-та end-to-end (сквозное) шифрлау қосулы екеніне көз жеткізу (ол әдетте автоматты түрде қосулы).

Компания өкілдері бұл өзгеріс азаматтардың рұқсатынсыз жүзеге аспайды деп мәлімдеп отыр. 

Оқу үшін