Қытай төрағасының Путинмен қол алыспай қойғаны рас па

Скрин видеодан.
Желіде тараған видео өңделген. 2026 жылғы 31 тамызда Бішкектегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде түсірілген түпнұсқа кадрда Си Цзиньпин мен Владимир Путиннің қол алысып амандасқаны анық көрінеді, деп хабарлайды NoFake.kz.
18 қарашада X желісіндегі @RussianSpoof аккаунты видеоны жариялап, кездесу Путиннің Қытайға сапары кезінде өтті деп жазған.
«Айтуларынша, Путин амандасу үшін қолын созған, ал Қытай төрағасы қолын тартып алғандай көрінді», – делінген жазбада.
Фактчекерлер видеодан бір кадрды алып, Google арқылы түпнұсқа жазбаны тапқан. Видео 2026 жылғы 31 тамызда Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде түсірілген. Ұйым сол күні Instagram парақшасында жариялаған видеода Си Цзиньпин мен Владимир Путин келіссөз алдында қол алысып амандасады.

Lead Stories фактчекерлері Google News пен Yahoo News сервистері арқылы қарашадағы саммит туралы хабарларды да тексерген. Беделді басылымдардан Си Цзиньпиннің Путинмен қол алысудан бас тартқанын растайтын дерек табылмаған.


