NoFake

Түпнұсқаны көшірмеден қалай ажыратамыз

Depositphotos 142959971 L

Фото: Depositphotos

Әдетте брендтік заттардың құны жоғары болғандықтан, ешкім сапасыз репликаны қымбат бағаға сатып алғысы келмейді. Көшірме өнімдер тек тез тозып, жарамсыз болып қана қоймай, кей жағдайда, тіпті, қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан nofake.kz/ сатып алар алдында тауарды мұқият тексеріп, түпнұсқадан қалай ажыратуға болатынын түсіндіреді. Бұл материал adme.media дерегіне сүйенеді.

Телефонның түпнұсқалығын қалай тексеруге болады?

Телефонның түпнұсқа екенін білу үшін құрылғының халықаралық IMEI идентификациялық нөмірін тексеру қажет. iPhone модельдерінде бұл ақпаратты *#06# теру арқылы оп-оңай алуға болады. Осы нөмірді қораптағы нөмірмен салыстырыңыз. Егер сәйкеспесе, қолыңызда арзан көшірме болуы мүмкін.

айфон

Түпнұсқа күртені көшірмеден қалай ажыратуға болады?

Жеңіл тәсіл – бұйымдағы кестеленген логотиптерге қарау. Егер әріптер біркелкі емес, қалыңдығы әртүрлі болса, бұл көшірме өнім. Сондай-ақ символдар арасындағы аралық біркелкі болмайды. «Тігін инесін» бейнелейтін үш жолақ та тауардың көшірмесінде әртүрлі биіктікте аяқталады. Соңғы жылдары The North Face барлық бұйымдарына бұрыштарында арнайы қиықтары бар түрлі-түсті голограммалар қоса бастады — бұл түпнұсқалық белгісі.

Подделка

Chanel сөмкесінің түпнұсқалығын қалай анықтау керек?

Chanel сөмкелері тек дизайнымен емес, материал сапасымен және ұқыпты жасалған фурнитурасымен танымал. Барлық металл бөлшектері, ішкі элементтері бір түстегі металдан жасалады. Логотип түріндегі бекіткіш жұлдызша пішінді винттермен бекітіледі (ескі модельдерде жалпақ винт кездеседі). Егер крест тәрізді винт қолданылса, сөмке түпнұсқа емес. Логотип те нақты пішінде болуы керек: әріптер көлемді, ал оң жақтағы «С» әрпі сол жақтағысының үстінен, төменгі жағында астынан өтеді.

Подделка

Tissot сағаттарының түпнұсқалығын анықтау       

Tissot әлем бойынша танымал бренд, сондықтан оның да көшірмелері көп. Сағатты қолға ұстап көріңіз: серіппелі барабанда міндетті түрде «T» әрпі ойылып тұруы керек. Егер ол жабыстырылған болса — сағаттың көшірме болғаны. Сағатты орап көріңіз, түпнұсқа Tissot-та механизмнің тежелуі немесе бөгде кедергі сезілмейді.

Подделка

AirPods түпнұсқасын қалай ажыратуға болады?

Соңғы уақытта AirPods көшірмелері өте сапалы жасалып жүр, сондықтан айырмашылық табу қиын. Алдымен салмағын тексеріңіз: түпнұсқа құлаққаптар шамамен 4 грамм тұрады. Сондай-ақ сериялық нөмірді тексеріңіз. Ол тек түпнұсқалықты дәлелдеп қана қоймай, құлаққаптың ұрланбағанын да анықтауға көмектеседі. AirPods Pro 2 және 3 буындарында бұл нөмір зарядтағыш қақпағының ішкі жағында орналасады

Подделка

Adidas спорттық аяқ киімдерінің түпнұсқа екенін қалай түсінуге болады?

Adidas-тың танымал модельдерінің көшірмесі өте жиі жасалады. Назар аударатын белгілер: Логотип немесе модель атауы дұрыс орналаспаса, сынып кетсе, басқа элементтерге кіріп кетсе, бұл тауардың көшірме екендігінің белгісі. Түпнұсқада бұл элементтер тігіліп немесе басылып жасалады. Идентификациялық нөмір де маңызды: ол тілшенің ішкі жағындағы жапсырмада көрсетіледі және оң және сол аяқта әртүрлі болуы тиіс. Егер нөмір бірдей немесе жапсырма мүлде жоқ болса, аяқ киім түпнұсқа болмағаны.

Подделка 6 (1)

Жалған брендтік киімді сатудың салдары қандай?

Репликаны сату – тауарлық белгі иесінің құқығын бұзу. Сатушыға айыппұл салуға, жалған тауарды жоюға немесе тіпті қамауға алу қаупі бар. Тауарда басқа біреудің тауарлық белгісі болса, оны сату заңсыз болып саналады.

Оқу үшін