Ақпарат көп, шындық — біреу: ресми дереккөздер тізімі

Бүгінгі қоғамда ақпараттық манипуляцияға еріп кетпеу үшін адам сыни ойлауды дамытуы, тек ресми дерек көздерден алынған ақпаратқа сенуі керек деп жиі айтылады. nofake.kz/ ақпарат көзін тану және бағалау жайлы баяндайды.
Сыни ойлау ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Пенсильвания университетінің профессоры Джонатан Бэрон редакциямызға берген эксклюзивті сұхбатында адам кез келген ақпаратты қабылдамас бұрын, алдымен ақпарат көзіне ерекше мән беру керектігін айтты.
«Ең бастысы – ақпараттың қайдан шыққанын және ол қандай ойлау тәсілінің жемісі екенін ойлау: ашық әрі рационалды ма, әлде біржақты көзқарастың нәтижесі ме? Бұл – шынымен де маңызды. Әрине, мұны мен бірінші болып айтып отырған жоқпын. XIX ғасырдың философы Джон Стюарт Милльдің «Бостандық туралы» кітабында тамаша бір ой бар. Ол егер адам өз идеяларына қарсы айтылған сын-пікірлерді іздеп, оларды ескерсе немесе солардың әсерімен көзқарасын қайта қараса ғана, оның пікіріне сенуге болады», -дейді ғалым.
Профессордың айтуынша дәл осылай, диалог пен өзін-өзі түзету арқылы сенімді білім қалыптасады. Ғылыми ортада бұл үрдіс көбіне осылай жүреді. Ақпарат көзін бағалағанда: баламалы көзқарастарды көре білу, олардың неге қате екенін түсіну немесе керісінше, дұрыстығын мойындауға мән беру керек.
Сондықтан әр мәліметті таразылап, ақпараттың нақтылығын тек ресми дереккөздерден тексеру маңызды. nofake.kz/ төменде Республика бойынша ресми ақпарат көздерін топтастырып, назарларыңызға ұсынады.
Негізгі мемлекеттік билік органдары:
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Конституциялық соты
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК)
Мемлекеттік қызметтер мен құжаттар
Мемлекеттік қызметтер порталы (eGov)
Электрондық үкімет порталы (eGov mobile, egov.kz) —
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО)
Қаржы, салық және әлеуметтік қорғау
Мемлекеттік кірістер комитеті (Салық комитеті)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Денсаулық сақтау және білім беру
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тұрғын үй, көлік және экология
Индустрия және құрылыс министрлігі
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
«Отбасы банк» тұрғын үй бағдарламалары
Қауіпсіздік және құқық тәртібі
ҚР Ішкі істер министрлігі (ІІМ)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК)
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ)
Сот және әділдік органдары


