NoFake
25 қыркүйек — Жалпыұлттық аза тұту күні

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды», — делінген хабарламада.


Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қайғылы жағдайға байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Оқу үшін