NoFake
25 қыркүйек — Жалпыұлттық аза тұту күні

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: Бас прокуратура жауапты тұлғаларды анықтады

Фото: Depositphotos

ҚР Бас прокуратурасы Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Бас прокуратураның хабаралуынша, оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған, ал құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленген.

«12 сараптама тағайындалды. Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды», — делінген хабарламада.

Прокуратура тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, кеше Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 12 сарбаз суға батып, тағы екі сарбаздың денесі іздестіріліп жатыр. Ал, 3 сарбаз құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жатқызылған болатын. ҚР Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау өңіріне аталған оқиға бойынша арнайы сапармен жеткен еді. Қазақстанда бүгін, қайғылы оқиғаға байланысты Ұлттық Аза тұту күні деп жарияланды.

Оқу үшін