NoFake

«Жоқ концертке билет сатқан»: Астанада кибералаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

Астаналық полицейлер Threads әлеуметтік желісі арқылы концертке жалған билет сатумен айналысты деген күдікпен 20 жастағы жігітті анықтады, деп хабарлайды NoFake.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол әлеуметтік желіде концертке билеттер сатылатыны туралы хабарландыру ілген. Алданған азаматтар ақшаны аударған соң, қаражат күдіктінің танысына тиесілі банктік шотқа түсіп отырған. Алайда төлем жасаған сатып алушыларға билеттер берілмеген.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіден айғақ заттар, соның ішінде хабарландыру жариялауға және сатып алушылармен хат жазысуға пайдаланылған ұялы телефон тәркіленді», — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Шығын көлемі және зардап шеккен басқа да азаматтар енді анықталады.

Оқу үшін