NoFake

Қазақстанда «Экспресс Займ» МҚҰ 43 мың азаматты алдаған

Фото: Depositphotos

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ҰҚК-мен бірлесіп еліміздің 18 өңірінде «Экспресс Займ» микроқаржы ұйымының заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды NoFake.kz.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылы тамыздан аталған ұйым «міндетті ақылы кеңес беру қызметін» енгізген.

«Қызмет құны қарыз көлеміне қарай белгіленіп, азаматтардың негізгі берешегіне қосылып отырған. Бұл талапқа келіспеген клиентке микрокредит берілмейді немесе қарызды қайтару мерзімі ұзартылмайды. Ал тұтынушылардың бұл қызметтен бас тартуға заңды құқығы бар екенін әдейі жасырған», — деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Алаяқтық схема қалай жүзеге асқан

Қарыз алушылар қолға нақты сұраған сомадан әлдеқайда аз ақша алған. Соған қарамастан, несиені де, оның пайызы мен ақылы қызметті де толық қайтаруға міндеттелген. Микрокредитті қайтару мерзімін ұзартқан сайын «ақылы кеңес» жаңадан рәсімделіп, қарыз жүктемесі еселей түскен. Жалпы 43 мыңнан астам азаматпен ақылы кеңес беруге қатысты 181 мыңнан астам шарт заңсыз жасалған.

Қазір микроқаржы ұйымы директорының орынбасары үйқамаққа алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жарияланбайды.

Оқу үшін