NoFake

«Ұлттың жадын күмәнді деректермен, бұрмаланған мәліметтермен улауға болмайды» — Президент

Фото: depositphotos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясында ұлттың жадын күмәнді деректермен, бұрмаланған мәліметтермен улауға болмайтынына тоқталды, деп хабарлайды Nofake.kz.

«Ұлттың жадын күмәнді деректермен, бұрмаланған мәліметтермен улауға болмайды. Мұндай әрекет өткен күнге деген сенімді, келешекке деген үмітті әлсіретеді. Біздің төл тарихымыз бен әдебиетіміз шет-шегі жоқ нәубет пен азапқа толы жылдардың жылнамасы емес. Әрине, біз өз тарихымыздағы қиын-қыстау кезеңдерді ешқашан ұмытпаймыз», — деді ол.

Ол бұл ретте халқымыздың басынан өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайтынын атап өтті.

«Себебі ұлт тарихы тек жеңіліс пен сәтсіздіктерден тұрмайды, төл шежіремізде жарқын жеңістер мен жетістіктер аз болған жоқ. Сондықтан жалпы әлем тарихына, басқа халықтардың тарихымен қатар, өз тарихымызға да үстірт және жеңіл-желпі, біржақты қарауға болмайды», — деді ол.

Мемлекет басшысы «тарих өкпе-ренішпен емес, ұлт мүддесін көздеген шынайы көзқараспен жазылуға тиіс екенін жеткізді.

«Бұл – ең алдымен өскелең ұрпақ үшін қажет дүние. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мұны жақсы түсінеді деп ойлаймын», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтіп жатыр. Президент бұл оқиғаны еліміздегі тарихи сет екенін атап өтті.

Оқу үшін