NoFake

Сыни көзқарас 3 жастан басталады — Сарапшы

Коллаж: NoFake.kz

Студия қонағы — «Сыни ойлау негіздері» кітабының авторы, Дьюк университетінің түлегі Ғабит Бекахметов.

Ол — білім беру саласының сарапшысы, педагог әрі ақпаратты талдау, факт пен пікірді ажырату және логикалық қателіктерді табу сияқты сыни ойлаудың басты құралдарын терең меңгерген маман. Бүгін сарапшымен баланы мектеп жасынан сыни ойлауға қалай үйретуге болатынын талқылаймыз.

Оның айтуынша, сыни көзқарас 3 жастан басталады. «Неге?», «қалай?», «не үшін?» деген сұрақтарға жауап берудің орнына баланы жекіп тастау — критикалық ойды тежейді. Баланың сағын сындырмай, керісінше, сыни көзқарасты дамытуға, қалыптастыруға болады. Толығырақ сұхбаттан көріңіз.

Оқу үшін