Құрылтайдан кейін жаңа Үкімет қашан жасақталады: саясаттанушы түсіндірді

Фото: primeminister.kz
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Құрылтай депутаттарының сайлауы өткеннен кейін, Үкімет шамамен қашан отставкаға кететінін болжады, деп хабарлайды Nofake.kz.
Оның айтуынша, жаңа Үкімет құрамы Конституция бойынша жасақталады. Сондай-ақ, ол Құрылтай спикері мен оның орынбасарлары, Комитет төрағалары қашан белгілі болатынына да болжам жасады.
«23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді. 24-ші тамызда сайлаудың алдын-ала болжамы шығады. 25-ші тамызда шамамен түскі уақытта ОСК сайлау қорытындысын шығарады. Осыдан кейін, бірнеше күннен кейін немесе бір апта ішінде, яғни 30-шы тамызға дейін ОСК депутаттардың антын қабылдайды. Сол кезде депутаттар отырыста спикерді, оның орынбасарларын және Комитет төрағаларын сайлайды. Сол сәттен бастап Құрылтай жасақталған болып есептеледі», — деді ол.
Саясаттанушы Жаңа Конституция бойынша Үкімет жаңа сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.
«Демек, депутаттар ант қабылдаған күннен бастап, Үкімет өкілеттігін тоқтатады. Сөйтіп, Президент оларды уақытша міндетін атқарушы ретінде тағайындайды. Олардың өкілеттігі Президент Құрылтайға келіп, өзі Премьер-министр, вице-президент, Халық кеңесі төрағасының кандидатурасын ұсынғанға дейін күшін жоймайды. Конституциялық тұрғыда процесс шамамен осылай болады», — деді ол.
Сонымен бірге, ол премьер тағайындылғаннан кейін, Үкімет басшысы Президентке үкімет мүшелерінің кандидатураларын ұсынатынын жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстанда 23-ші тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Оған еліміздің 7 партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер қатысады.


