NoFake

2026 жылғы әкімшілік рақымшылық: кімдердің айыппұлы кешіріледі

Фото: magnific.com

Қазақстандағы әкімшілік рақымшылыққа кімдер ілігеді, қандай айыппұлдар кешіріледі және оның ерекшелігі неде? Nofake.kz қарапайым тілмен түсіндіріп береді.

Әкімшілік рақымшылық дегеніміз не?

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық енгізіледі. Бұл — мемлекет тарапынан іске асырылатын бір реттік шара. Оның аясында кейбір әкімшілік айыппұлдар кешіріледі немесе олардың төленбеген бөлігі есептен шығарылады.

Ең алдымен, әкімшілік жауапкершілік — бұл заңды өзгерту немесе жауапкершілікті жеңілдету емес, белгілі бір санаттағы азаматтар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында қабылданатын ерекше шешім екенін еске саламыз.

2026 жылдағы әкімшілік рақымшылық: оны не себепті енгізді?

Бастама еліміздің жаңа конституциялық даму кезеңімен байланыстырылады және төмендегі қағидаттарға негізделеді:

  • әділеттілік;
  • гуманизм;
  • заң үстемдігі;
  • адам құқықтарын құрметтеу.

Шара құқық бұзушылықтарға қатысты мемлекеттік саясатты өзгертпейді.

Кімдерге қолданылады және кімдердің айыппұлдары кешіріледі?

Рақымшылық келесі санаттағы азаматтарды қамтиды:

  • Қазақстан азаматтары;
  • жеке кәсіпкерлер (ИП);
  • нотариустар, адвокаттар және жеке практикамен айналысатын өзге де тұлғалар.

Ол 2026 жылғы 17 наурызға дейін тағайындалған әкімшілік айыппұлдарға қатысты қолданылады.

Қандай айыппұлдар кешіріледі?

Рақымшылық аясында:

  • төленбеген әкімшілік айыппұлдар;
  • немесе олардың қалған берешек бөлігі есептен шығарылады.

Әкімшілік рақымшылыққа ілінгеннен кейін:

  • айыппұлдарды төлемеуге болады;
  • атқарушылық өндірістегі істер тоқтатылады.

Қандай айыппұл түрі рақымшылыққа ілінбейді?

Маңызды: рақымшылық барлық құқық бұзушылықтарға бірдей қолданылмайды. Оларға төмендегілер жатады:

  • жол қозғалысы ережелерін бұзу (қауіпті көлік жүргізу мәнері немесе жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін қауіпті жағдайлар)
  • мас күйінде көлік жүргізу;
  • есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар мен заңсыз қару айналымы;
  • адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттер;
  • санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу;
  • дербес деректерді қорғау саласындағы бұзушылықтар;
  • ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздікке қатысты құқық бұзушылықтар;
  • құрылыс және техникалық қауіпсіздік саласындағы құқық бұзушылықтар.

Сонымен қатар қайталанған құқық бұзушылықтар мен сотта қаралып жатқан істерге рақымшылық қолданылмайды.

Жол қозғалысы ережелеріне қатысты не болады?

Әкімшілік рақымшылыққа ілінбейді:

  • Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айыру;
  • Мас күйінде көлік жүргізу;
  • Қарсы бағыттағы жолаққа шығу.

Мемлекет жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытын қатаң бақылауды ұстайды.

Есептен шығарылатын айыппұл мөлшері қандай?

Алдын ала деректер бойынша:

  • шамамен 1 миллион әкімшілік айыппұл;
  • жалпы сомасы 17 миллиард теңгеден астам берешек;
  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің шамамен 280 бабы қамтылуы мүмкін.

Бұл процеске 15 шақты мемлекеттік орган қатысады деп жоспарланған. Сондай-ақ, оған 16,5 мың адам ілігеді деп жоспарланып отыр.

Әкімшілік рақымшылық үшін өтініш беру керек пе?

Әкімшілік рақымшылық автоматты түрде жүзеге асырылады.

Азаматтарға:

  • өтініш жазудың;
  • мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ.

Процесс қалай жүзеге асырылады:

  • жүйе рақымшылыққа жататын айыппұлдарды автоматты түрде анықтайды;
  • электрондық шешімдер шығарылады;
  • құжаттарға цифрлық форматта қол қойылады;
  • азаматтарға SMS-хабарлама немесе eGov порталы арқылы хабарлама жіберіледі.

Айыппұлдың рақымшылыққа ілінгенін қалай білуге болады?

Тексеру:

  • мемлекеттік цифрлық сервистер арқылы;
  • SMS-хабарламалар арқылы;
  • атқарушылық өндірістердің ақпараттық базалары арқылы жүргізіледі.

Әкімшілік рақымшылықтан бас тартуға бола ма?

Иә. Әкімшілік рақымшылық – азаматтың құқығы, міндеті емес. Азаматтар өз қалауымен одан бас тарта алады.

Қазақстанда барлық айыппұл кешірілетіні рас па?

Жоқ.

Рақымшылық:

  • тек белгілі бір әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады;
  • қауіпті және қайталанған құқық бұзушылықтарды қамтымайды;
  • құқық бұзушылықтың жасалғанын жоққа шығармайды.

Әкімшілік рақымшылық не себепті жауапкершілікті толық жоймайды?

Келесіні есте сақтаңыздар:

  • құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы дерек сақталады;
  • мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сақталады;
  • құқық бұзушылық қайталанған жағдайда бұл ескеріледі.

Яғни, рақымшылық – тек жекелеген жағдайларда айыппұл төлеуден босату шарасы. Ол жауапкершілікті толық жоймайды және құқық бұзушылық фактісін «жоққа шығармайды».

Түйін. Қазақстандағы әкімшілік жауапкершілік туралы нені білу керек?

2026 жылғы Қазақстандағы әкімшілік рақымшылық – бұл бір реттік шара. Оның аясында:

  • кейбір айыппұлдарды есептен шығаруға;
  • азаматтар мен кәсіпкерлердің борыштық жүктемесін азайтуға;
  • халық пен бизнесті қолдауға мүмкіндік беріледі.

Бұл ретте мемлекет ауыр құқық бұзушылықтарды, әсіресе жол қозғалысы ережелерін бұзу, қоғамдық қауіпсіздік, есірткі айналымы және сыбайлас жемқорлық салаларындағы құқық бұзушылықтарды қатаң бақылауда сақтайды.

Оқу үшін