Дональд Трамп Нобель сыйлығынан шеттетілген жоқ

nofake.kz/
X (бұрынғы Twitter) желісінде Associated Press агенттігі атынан баспасөз релизінің скрині тарады, деп хабарлайды nofake.kz/.
Онда АҚШ президенті Дональд Трамп бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алу құқығынан мәңгілікке айырылды деп жазылған.
Оқырманды елең еткізген бұл ақпаратты Lead Stories фактчек платформасы жоққа шығарды және мынадай дәлелдер келтіреді:
Ресми расталмаған: AP-дің ресми сайтында мұндай мәлімдеме жарияланбаған.
Аккаунт – пародия: Скрин таралған X.com аккаунтында «Parody» деп көрсетілген.
Жалған сілтеме: Ал swisstimes.org сайты жұмыс істемейді.
Стилі күмәнді: Релиздегі «grave breach of historical gravitas and semantic decorum» тіркесі ресми стильге сай емес және Associated Press оны қолданбаған.
Яғни, Associated Press агенттігі Трамптың Нобель сыйлығынан шеттетілгені туралы ресми ақпарат таратпаған және жарияланған сурет – сатиралық мазмұндағы материал.


