Солтүстік Осетия ІІМ: казактарды шекараны қорғауға шақыру хаты – жалған

Осетия мен Ингушетия шекарасын қорғауға казактарды тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Әлеуметтік желілерде Солтүстік Осетия ішкі істер министрінің орынбасары Сергей Костромитиннің қолы қойылған жалған хат тарады.
Құжатта Солтүстік Осетия мен Ингушетияның әкімшілік шекарасында орналасқан бақылау-өткізу және жол-патрульдік полиция бекеттерінде қоғамдық тәртіпті күшейту үшін Тер казак әскерінен 60 адамды «құқық қорғау органдарына көмек ретінде тарту» туралы жазылған.
Солтүстік Осетия ІІМ Ossetia News-ке берген түсініктемесінде бұл хаттың фейк екенін растады.
Айта кетейік, шекарадағы жағдайға қатысты бұл бірінші жалған құжат емес. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Чермен елдімекенінің басшысы қол қойған «Пригородный ауданында коменданттық сағат енгізу» туралы жалған хат тараған болатын.
Кейін республика басшысы шекарадағы қақтығыстан соң қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды деген тағы бір жалған хат желіде пайда болды.


