NoFake

Астанада базар маңында әйел өлтірілді деген ақпарат жалған

20251114154358299 big

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде Астанадағы «Шапағат» сауда базарының жанында әйел адамның мәйітін табылғаны туралы ақпарат тарады. Алайда, елорда полиция аталған мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Желі неге шулады?

Желіде Астанадағы «Шапағат» сауда базарының маңында «әйел адамның мәйіті табылғанын, оны пышақтап кетуі мүмкін» деген ақпарат тараған болатын.

Скриншот: әлеуметтік желі

Полиция не дейді?

Полиция «Шапағат» сауда базарының маңында әйел адам өлтірілді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

«Сауда базарының алдында зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған», — делінген хабарламада.

Осы ретте, полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және ресми дереккөздерге сенуге шақырады. Айта кетейік, бұған дейін полиция департаменті «Астанада әйелді өлтірді деген күдіктінің полиция қызметкері болды» деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берген еді.

Оқу үшін