NoFake

Астанада әйелді өлтірді деген күдіктінің полиция қызметкері екені рас па

Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдіктінің полиция қызметкері екені туралы ақпарат тарады. Астана қаласының Полиция департаменті бұл мәліметке түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде күдіктінің полиция қызметкері екені туралы ақпарат таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды», — деді Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин.

Не болды?

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 22 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында полицияға әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің пышақ жарақатын алғанын анықтады. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Күдікті ретінде марқұмның бұрынғы күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Оқу үшін