Президент Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
Фото: Aqorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Ақорда хабарлауынша, Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар Президент қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына тиісті көмек көрсетуді жүктеді.
Бұған дейін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Оқиғаның себептерін тергеп-тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.


