«Бұл мемлекетіміз үшін үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт» — Президент

Фото: Aqorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы ҚР Құрылтайының бірінші сессиясы ашып, оның тарихи сәт екенін атап өтті деп хабарлайды Nofake.kz.
Ол бүгінгі сессия қатысушыларын бүгінгі тарихи күнмен құттықтады.
«Баршаңызға бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуы құтты болсын! Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз.
Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде өз жұмысына кіріседі», — деді ол.
Президент «Бұл – мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі дәл осы күннен бастау алатынын» атап өтті.
«Төл тарихымызға зер салсақ, Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бұл институттың жаңа кезеңде де жөні бөлек болары анық. Себебі Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді. Құрылтай ұлттық заңнама сапасын арттыру арқылы еліміздің құқықтық негізін нығайта түседі», — деді ол.
Бұл ретте мемлекет басшысы осы тарихи миссияны атқару депутаттарға жүктеліп отырғанын жеткізді.
«Құрылтайдың бірінші шақырылымының депутаты болу – ең алдымен, ерекше сәт. Бұл – үлкен бақыт деп айтсақ, қате болмас. Осы аса абыройлы атқа сай лайықты қызмет етесіздер деп сенемін!», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін Астанада бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы өтіп жатыр.


