NoFake

Шымкентте жалған ЭТҚ қызметкері 25 млн теңге жымқырып ұсталды

Скрин видеодан

Шымкентте өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған азамат 25 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті 2025 жылдың қыркүйегінде жергілікті компания басшысымен байланысқа шығып, өзін ЭТҚ қызметкері ретінде таныстырған. Ол медициналық мекемені тексерілетін субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал етемін деп уәде берген.

«Азамат алдау жолымен 25 млн теңгені иемденген», — деп хабарлады ҚМА.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

«ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», — делінген агенттік мәліметінде.

ҚМА азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.

Оқу үшін