NoFake

Сайлау алдындағы үгіт жасау науқаны қалай өтіп жатыр: сарапшы пікірі

Фото: Depositphotos

Елімізде 23-ші шілдеден бастап сайлауалды үгіт жасау науқаны ресми түрде басталды. Екі аптаға жуық уақытта үгіт жүргізу науқаны қалай өтті? Алдағы уақытта не болуы мүмкін? Тәуелсіз сарапшыдан сұрап көрдік.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Биахметұлы сайлауалды үгіт жасау науқанына оң баға беріп отыр. Айтуынша, сайлаудың әділ әрі ашық өтуі үшін бірқатар негізгі қағидаттардың сақталуы маңызды.

«Барлығы заң жүзінде іске асырылып жатыр. Сайлау әділ өту үшін, әрине бірнеше принциптер сақталу керек. Мысалы, әр партияның медиа ресурстарға қолжетімділігі бірдей, бәріне тең болуы керек. Қаржыландыру мәселесі ашық болуы тиіс, мұны екінші принцип деп айтамыз. Үшіншіден, биліктің күшін пайдаланбау қағидатын ұстану қажет. Мәселен, тек белгілі бір партияларға ғана ерекше мүмкіндіктер жасалмауы керек. Егер осы принциптерді айтар болсақ, әзірге бәрі сақталып жатыр», — деді заңгер.

Заңгердің айтуынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы сайлау науқанына жаңа мүмкіндіктермен қатар, белгілі бір тәуекелдерді де алып келуі мүмкін.

«Сондықтан осы тұста сақ болу керек. Ал, жалпы сайлау алды үгіт науқаны жөнінде бәрі заң бойынша, қатаң тәртіппен өтіп жатыр деп айтуға толық негіз бар», — деді ол.

Айта кетейік, елімізде 23-ші тамыз күні Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған орай, бұған дейін үгіт материалдарын қайда жариялауға болатынын, ал қай жерлергет оларды орналастыруға тыйым салынатынын хабарлаған едік.

Оқу үшін