HR Enbek жүйесіне «ГПХ» келісімшарттарын енгізбесе айыппұл салына ма

Фото: Асан Төлеу
Жұмыс берушілер азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттарды Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне (ЕСУТД) өз еркімен енгізе алады. Оларды енгізбегені үшін жауапкершілік қарастырылмаған, деп хабарлайды NoFake.kz.
Әлеуметтік желілерде жұмыс берушілер HR Enbek жүйесіндегі азаматтық-құқықтық келісімшарттарға қатысты жиі пікірталасқа түсіп, айыппұл салынуы мүмкін деп алаңдайды.
Алайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай мәлімдемелерді жоққа шығарды. Ведомствоның түсіндіруінше, жұмыс берушілер бұл келісімшарттарды жүйеге енгізу мәселесін өздері шешеді және ол үшін айыппұл салынбайды.
«HR Enbek жүйесінде азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар туралы мәлімет енгізуге арналған функционал жұмыс процесін оңтайландыру, ішкі тәртіпті қалыптастыру және жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін қарастырылған. Яғни бұл – міндет емес, ерікті түрде пайдалануға болатын мүмкіндік. Мұндай мәліметтерді енгізбегені үшін айыппұл көзделмеген», – деді Жанболат Мұқышев.
Оның айтуынша, жауапкершілік тек жұмыс берушілер еңбек шарттары туралы мәліметтерді Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне жібермеген жағдайда ғана туындайды.


