NoFake

Құрылтай сайлауында «Әділет» 70%-дан астам дауыс жинады — Exit poll нәтижесі белгілі болды

Скриншот

Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll нәтижесі бойынша, Құрылтай депутаттарын сайлауда «Әділет» партиясы 71,8% дауыс жинады. «СОЦИС-А» жүргізген сауалнама да ұқсас нәтиже көрсетті — 70,7%.

Еуразиялық интеграция институтының зерттеуіне сәйкес, сайлаушылар дауысы былай бөлінді:

  • «Әділет» — 71,8%;
  • «Ауыл» — 6,4%;
  • Respublica — 5,4%;
  • ЖСДП — 5,2%;
  • «Ақ жол» — 5,1%;
  • ҚХП — 3%;
  • «Байтақ» — 1%;
  • «бәріне қарсымын» — 2,1%.

Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты — «СОЦИС-А» жүргізген exit poll да ұқсас нәтиже көрсетті. Оның дерегінше, «Әділет» — 70,7%, «Ауыл» — 6,4%, Respublica — 5,5%, «Ақ жол» — 5,4%, ЖСДП — 5,0%, ҚХП — 3,2%, «Байтақ» — 1,2% дауыс жинаған. «Бәріне қарсымын» нұсқасын таңдағандар үлесі — 2,6%. «СОЦИС-А» сауалнамасы 200 сайлау учаскесінің шыға берісінде жүргізілді. Зерттеудің статистикалық қателігі ±1,5%-ды құрайды.

Оқу үшін