NoFake

Дипфейкті қалай ажыратуға болады – ЖИ вице-министрі түсіндірді

Фото: NoFake.kz

Астанада цифрлық ортадағы қауіпсіздікке арналған Cyber Steppe конференциясы өтіп жатыр. Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Досжан Мұсалиев дипфейк видеоларды қалай ажыратуға болатынын айтты, деп хабарлайды NoFake.kz

Оның сөзінше, ең алдымен видеодағы адамның қимыл-қозғалысы мен мимикасына назар аудару керек. Беттің немесе мимиканың табиғи көрінбеуі, адамның қимылы мен сөзі үйлеспеуі дипфейктің белгісі болуы мүмкін.

«Қандай да бір қимылдардың табиғи болмауына, мимиканың өзгеше көрінуіне назар аудару керек. Мысалы, бұл туралы банк немесе белгілі бір тұлға айтып жатса, оның ресми аккаунтына кіріп, шынымен сол адамның мұндай ақпарат айтқанын-айтпағанын тексеруге болады», – деді вице-министр.

Мұсалимов интернеттегі кез келген ақпаратқа бірден сенбей, оны ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды.

«Біз Zero Trust – “ешкімге сенбе” қағидатын ұстанамыз. Мысалы, полиция қызметкері қоңырау шалып, маңызды бір нәрсе туралы айтса, 102 нөміріне хабарласып, мұндай адамның шынымен полиция қызметкері екенін және оның айтқаны рас па екенін тексерген дұрыс», – деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, бұған дейін біз қоңырау алаяқ шалып тұрғанын қалай ажыратуға болады деген сауалға киберқауіпсіздік маманынан жауап алған едік.

Оқу үшін