NoFake

Бурабай көліндегі қоқыс туралы видеоға парк өкілдері түсініктеме берді

Скрин видео

Әлеуметтік желілерде Бурабай көлдерінің бірінің мұзында қоқыс жатқанын көрсететін видео тарады. Осыған қатысты парк өкілдері тексеру жүргізіп, жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мәліметінше, тексеріс барысында аталған аумақта мұндай жағдай анықталмаған.

«Қызметкерлеріміз көрсетілген аумақты тексерді. Қарау кезінде мұндай жағдай тіркелген жоқ. Бұл видео жоспарлы күнделікті тазалау жұмыстары жүргізілгенге дейін түсірілген болуы мүмкін», – деп хабарлады парк өкілдері.

Парк инспекторлары орман мен су айдындарын тұрақты түрде тазалап отырады. Бұл жұмыстар жыл бойы жүйелі түрде жүргізіледі.

«Қар жамылғысы біртіндеп еріген кезде бұрын қар астында қалған қоқыс уақытша көрінуі мүмкін. Мұндай қалдықтар анықталған сәтте дереу жиналады», – деп түсіндірді ұлттық парк қызметкерлері.

Сонымен қатар мамандар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру үшін төлем жасау келушілерді ережелерді сақтаудан босатпайтынын ескертті. Табиғатты сақтау әр адамның жауапкершілігіне байланысты.

Оқу үшін