NoFake

Елде бензин сапасы төмендеді ме: Энергетика министрі жауап берді

Фото: primeminister.kz

ҚР Энергетика министргі Ерлан Ақкенженов әлеуметтік желіде азаматтардан бензин сапасына қатысты түсіп жатқан шағымдарға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Министр аталған мәселе ведомства бақылауында екенін атап өтті.

«Кеше менің орынбасарым, вице-министр мен Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Павлодар мұнай-химия зауытына бензин сапасындағы заң бұзушылықтардың орын алу фактісін тексеру мақсатында аттанды. Ол жерде «Қазмұнайгаз» жанармайы өңделетінін білесіздер. Қазір Атырау мұнай өңдеу зауытынан жанармай келуі керек. Сондықтан жақын арада азаматтар сапалы бензинмен қамтамасыз етілуі тиіс», — деді ол.

Ол бұл ретте мұнай-өңдеу зауыттары мәселені жанармай бекеттеріне, ал бекеттер керісінше өңдеу зауыттырының құзыретіне «сілтеп» отырғанын жасырмады.

«Мәселенің мән-жайы анықталған соң, жақын уақытта нақты жауап ұсынатын боламыз», — деді министр.

Сондай-ақ, ол сапасы төмен бензиннен жапа шеккендерге өтемақы төлеу мәселесіне де тоқталды.

«Нақты кімнің, жанармай бекетінің бе, әлде басқаның ба өтемақы төлейтіні әлі белгісіз. Алдымен мәселенің мән-жайын нақтылап біліп алу керек. Егер нақты ондай жағдай орын алғанда, бәрі заң шеңберінде шешіледі», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі өкілдері оңтүстік өңірлердің көрші елдердің электр энергиясына тәуелділігілі туралы қауесетті жоққа шығарған еді. Сондай-ақ, ҚР Сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті бензин сапасына қатысты жауап берген болатын.

Оқу үшін