NoFake

Атырау әкімі мен оның орынбасары ұсталды деген ақпаратты адвокат жоққа шығарды

Коллаж: NoFake.kz

Адвокат Нұрлан Жолболов Атырау әкімі мен оның орынбасарының ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Адвокаттың айтуынша, екі лауазымды тұлға қылмыстық іс аясында тергеліп жатқанымен, олар ұсталмаған және қызметтік міндеттерін орындауды жалғастырып жатыр.

«Аталған тұлғалар қолда бар қылмыстық іс аясында жауап берді. Қазіргі уақытта екеуі де жұмыс орындарында», – деді Нұрлан Жолболов.

Оның мәліметінше, тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Атырау қаласының әкімі мен оның орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда белгілі болғандай, тергеу әрекеттерінен кейін олар босатылған. Әзірге құқық қорғау органдары бұл іс бойынша ресми түсініктеме берген жоқ.

Оқу үшін