NoFake

Елордадағы жағымсыз иіс: «Астана су арнасы» тексеру нәтижесін жариялады

Фото: depositphotos

Астана тұрғындары бірнеше күннен бері қала көшелерін жағымсыз иіс жайлап тұрғаны туралы шағымданып жатыр. Әкімдік аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Cкриндер әлеуметтік желіден

Айтуларынша, жағымсыз иіс әсіресе, түн уақытында қатты сезіледі. Қала әкімдігіне қарасты «Астана су арнасы» МКК аталған жайтқа түсініктеме берді. Ведомство хабарламасында, тұрғындар шағымынан соң жедел түрде тексеру жүргізілгені туралы мәлімделген.

«Астана су арнасы» МКК тексеру нәтижелері төмендей екенін хабарлайды:

• Аспаптық бақылау:
Мамандар газталдағыш құралдардың көмегімен ауаға өлшеу жүргізді. Құралдар атмосферада күкіртсутек немесе басқа да зиянды газдарды анықтамаған.

• Көрнекі және органолептикалық тексеру:
Тексеру өтініштерде көрсетілген барлық негізгі мекенжайларды қамтыды, соның ішінде Әл-Фараби даңғылы (бұрынғы Айтматов) бойындағы жаңа мешіт маңы, Қорғалжын тас жолы және Есіл өзенінің жағалауы. Тексеру барысында кәрізге тән иіс анықталған жоқ.

• Қалалық су, кәріз желілерінің жай-күйі:
Кәсіпорын қарауындағы қалалық су бұру жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Аталған учаскелерде апатты жағдайлар немесе шығарындылар тіркелмеген.

Оқу үшін