NoFake

Ақтауда жер сілкінісі болады деген ақпарат жалған

Фото: Википедия


Әлеуметтік желілерде тараған Ақтау қаласында алдағы уақытта жер сілкінісі болады деген ақпарат жалған. Бұл туралы өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Ведомство мәліметінше, мониторинг барысында TikTok желісінде таралған бейнематериал анықталған.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында tiktok желісінде Ақтауда жер сілкінісі болады деген бейнематериал анықталды. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталмаған және шындыққа жанаспайды»,- деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл ақпарат жалған, тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.

«Мұндай ақпараттар халықты үрейлендіріп, қоғамда негізсіз дүрбелең туғызады және жалған ақпарат тарату болып табылады», — деді жауапты орган өкілдері.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Оқу үшін