NoFake

Балаева Құрылтай депутаттарына жасалған буллинг пен журналистік әдеп туралы пікір білдірді

Фото: gov.kz

ҚР Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева Құрылтай депутаттарына жасалған буллинг пен журналистика этика туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Министрдің сөзінше, соңғы күндері Құрылтайдың бірқатар депутаттарына қатысты, оның ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша түрлі алыпқашпа әңгімелер мен орынсыз пікірлер айтылып, мұның соңы буллингке ұласып бара жатыр.

«Мәдениет және ақпарат министрі ретінде Мемлекет басшысы мәдениет және медиа саласы қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін жүйелі түрде шешіп келе жатқанын атап өткім келеді. Алғашқы жылдары журналистерге пәтерлер редакциялар ұсынған тізімдер бойынша берілді. Кейінгі жылдардан бастап бүгінге дейін пәтерлер тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес, меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ сала қызметкерлеріне ғана беріліп келеді», — деді ол.

Ол түсінбеушілікке жол бермеу үшін мемлекеттік органдардың өкілдері мен Құрылтай депутаттары БАҚ өкілдерін қызықтырған мәселелер бойынша мүмкіндігінше қажетті түсініктеме беруге тиіс екенін атап өтті.

«Сонымен қатар кәсіби журналист жұмысының басты өлшемдерінің бірі – журналистік әдепті сақтау. Қудалау, жеке басқа тиісу, айла-шарғы жасау, елең еткізер тақырып үшін әдейі арандату кәсіби журналистке жараспайды. «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағының тармақшасына сәйкес, кәсіби әдеп нормаларын сақтау – журналистің міндеті. Мұндай талап әлемнің барлық еліндегі журналистерге қойылады», — деді ол.

Министр сыйластық сапалы журналистиканың дамуына әрдайым ықпал ететінін жеткізді. Сондай-ақ, ол

«Сондықтан барша журналисті бұзғаны үшін тиісті шаралар көзделген аккредиттеу қағидалары мен іс-шаралар регламентін ғана емес, кәсіби әдеп нормаларын да сақтауға шақырамын», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Аида Балаева «Қазақфильмді» жаңғырту және дамыту жоспарларымен бөліскен еді.

Оқу үшін