NoFake

Әлемді алаңдатқан қауіп: Жалған ақпарат экономикалық қатерден кейін екінші орынға шықты

Коллаж: NoFake.kz

Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық тәуекелдер туралы 2026 жылғы есебіне» сәйкес, әлем алдында тұрған ең ірі қауіптердің бірі – жалған ақпараттың таралуы болып отыр, деп хабарлайды NoFake.kz.

Сарапшылар геоэкономикалық текетірестен кейін қоғамның поляризациясы, сондай-ақ дезинформация мен мисинформацияны жаһандық деңгейдегі ең өзекті қатерлердің қатарына енгізді.

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желілердегі жалған ақпарат енді жай ғана қате мәлімет емес, қоғамдық пікірге ықпал ететін, адамдардың көзқарасы мен шешіміне әсер ететін құралға айналған. Әсіресе сайлау науқандары немесе маңызды саяси оқиғалар қарсаңында ақпараттық кеңістікте манипуляциялық контенттің көлемі күрт артады.

Жасанды интеллектінің дамуы дипфейк, қолдан жасалған бейне және аудиожазбалардың көбеюіне жол ашып, жалған ақпаратты шынайы контенттен ажыратуды бұрынғыдан да қиындатып отыр.

Манипуляторлар адамдардың эмоциясына әсер ету арқылы қоғамдық пікірді өзгертуге, сенімсіздік қалыптастыруға және қоғамды жікке бөлуге ұмтылады. Сондықтан сарапшылар ақпаратты тексеру, сенімді дереккөздерге сүйену және медиасауаттылықты арттыру қазіргі қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтеді. Бүгінгі шығарылымда жалған ақпараттың қалай таралатынын, манипуляцияның қандай әдістері қолданылатынын және мұндай ақпараттық тұзақтан қалай қорғануға болатынын тарқатамыз.

Оқу үшін