NoFake

Видеоның түпнұсқасын табу жолдары

Видео коллаж

Видео скрин: YouTube

Кибералаяқтар бір ғана дипфейкпен адамды шатастыра алады. Сондықтан күмәнді видеороликтердің қайдан шыққанын тексере білу – техникалық дағды ғана емес, ең алдымен ақпараттық қауіпсіздік. Бұл – манипуляция, қаржылық алаяқтық және дезинформациядан қорғанудың ең сенімді әдісі.

nofake.kz/ редакциясы ғаламторда «кері іздеу» әдісі арқылы кез келген видеоның түпнұсқасын табу жолдарын ұсынады.

Іздеу жүйелері видеоны тұтас файл ретінде танымайды. Алдымен оны бірнеше кадрға бөліп алу қажет.

скирн

1-қадам видеоны кадрларға бөлу

Бұл үшін экраннан 5–10 скриншот жасалады. Телефон арқылы скриншот жасау үшін әдетте  «pause → скриншот» батырмасын басу қажет. Ал компьютерде – VLC Player → Screenshot немесе YouTube → Copy frame батырмалары арқылы скриншоттауға болады.

2-қадам – кадрларды кері іздеу

Алынған суреттерді Google Images, Yandex, Bing Visual Search немесе TinEye сервисіне жүктеу арқылы видеоны алғаш кім және қашан жариялағанын көруге болады. Бұл әдіс көбіне жалған контенттің бұрын мүлде басқа оқиғамен байланысты болғанын анықтап береді.      

3-қадам – кәсіби OSINT құралдары        

Журналистер мен фактчекерлер жиі қолданатын InVID плагині видеоны кадрларға бөліп қана қоймай, метадеректерді талдайды, жарық, көлеңке мен монтаждың іздерін анықтайды. Ал «Amnesty YouTube DataViewer» роликтің алғашқы жүктелу уақытын көрсетуге көмектеседі.

4-қадам дипфейк белгілерін байқау

Көз жасанды қозғалады, ерін мен дауыс сәйкес келмейді, видеоның кейбір бөлігі бұлдырайды, жарық біркелкі түспейді – бұлардың бәрі видеоның жасанды екенін білдіретін негізгі белгілер. Мұндай жағдайда кері іздеу көбіне түпнұсқаны таппайды немесе ескі видеоны көрсетеді. Онда адамның бетіне басқа адамның жүзі «жапсырылған» болуы мүмкін.

Яғни, кері іздеу мен бейнені визуалды талдағанда мынаған назар аударыңыз:

көз жасанды, жансыз қозғалады;
көзді тым жиі ашып-жұмады;
беттің кейбір бөлігі бұлыңғыр болады;
ерін қимылы мен дауыс сәйкес келмейді,
жарықтың күрт өзгеруі;
бет шекарасы бұзылған.

Цифрлық дәуірде ақпаратқа сын көзбен қарау – қауіпсіздіктің басты ережесі. Ал видеоны кері іздеу – осы ереженің негізгі құралының бірі.

Оқу үшін