NoFake

СҚО тұрғыны сиырын сатқанын күйеуінен жасыру үшін полицияға жалған хабар берген

СҚО тұрғыны сиырын сатқанын күйеуінен жасыру үшін полицияға жалған хабар берген

Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ауыл тұрғынының арызы бойынша екі күн бойы сиыр іздеген. Кейін әйелдің малды өзі сатып жібергені анықталды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Әйел полицияға сиырының жоғалғанын айтқан. Полицейлер малды іздеуге дрон мен қызметтік итті де жұмылдырған.

Іздестіру барысында әйелдің әпкесіне қаржылай көмектесу үшін сиырын күйеуінің келісімінсіз 550 мың теңгеге сатқаны белгілі болды. Ол малды сатқанын жұбайынан жасыру үшін полицияға хабарласқан.

Ауыл тұрғыны арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Оқу үшін