NoFake

Белдік ұстаған әскеридің алдында ән айтқан сарбаз: желіде ескі видео тарады

Белдік ұстаған әскеридің алдында ән айтқан сарбаз: желіде ескі видео тарады

Cкрин видео

Қорғаныс министрлігі Telegram-арналардың бірінде тараған видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Видеода жас сарбаз қолына белдік ұстаған әскери қызметшінің алдында ән айтып тұр.

«Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба 2024 жылдың қысында Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде түсірілген. Оның қазіргі оқиғаларға қатысы жоқ. Видеодағы әскери қызметшілер мұны әзіл ретінде түсіргендерін және бір-біріне шағымы жоқ екенін айтты», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Министрлік желі қолданушылары мен БАҚ өкілдерінен видеоның қашан түсірілгенін ескеруді және архив кадрларын қазіргі оқиға ретінде таратпауды сұрады.

Оқу үшін