NoFake

Қауіпсіз шотқа аударыңыз: Алаяқтар ақтөбелік студенттің 10 млн теңгесін қалай ұрлады

Қауіпсіз шотқа аударыңыз: Алаяқтар ақтөбелік студенттің 10 млн теңгесін қалай ұрлады

Фото: Depositphotos

Ақтөбеде екінші курс студенті өзін банк қызметкері деп таныстырған адамның сөзіне сеніп, оқу ақысын төлеуге жинаған қаражатын «қауіпсіз шотқа» аударған, деп хабарлайды NoFake.kz.

Студентке алдымен WhatsApp арқылы бейтаныс адам қоңырау шалған. Ол өзін ұялы байланыс операторының қызметкері деп таныстырып, SIM-картаның мерзімін ұзарту керегін айтқан. Біраздан соң қызға тағы бір адам хабарласқан.

«Ол белгісіз біреулер студенттің атына несие рәсімдеуге әрекет жасап жатқанын айтып, ақшасын қорғау үшін оны “қауіпсіз шотқа” аудару қажеттігін жеткізген. Алаяқтардың сөзіне сенген студент оқу ақысын төлеу үшін депозитке жинаған қаражатын шешіп алып, қаскөйлер көрсеткен шотқа 10 миллион теңгеге жуық ақша аударған. Тек ақшаны аударғаннан кейін ғана қыз алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген», – делінген ІІМ хабарламасында.

Полицияның ескертуінше, банктер мен ұялы байланыс операторлары клиенттерінен жинаған ақшасын басқа шотқа аударуды талап етпейді. Біреу қоңырау шалып, атыңызға несие рәсімделіп жатқанын айтса, оның нұсқауымен ақша аудармаңыз.

Оқу үшін