NoFake

Киберполиция өкілі ретінде танысқан: полиция тағы бір алаяқтық схема туралы ескертті

Фото: ҚР ІІМ

Абай облысының полиция департаменті интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті, деп хабарлайды Nofake.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтар алдымен азаматтарға белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін байланыс операторларының, ауруханалардың, жылумен немесе электрмен жабдықтау қызметтерінің және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырған.

«Олар интернет тарифін ұзарту немесе қандай да бір қызмет көрсету сылтауымен азаматтардың сеніміне кіруге тырысады. Одан кейін екінші қоңырау түседі. Бұл жолы алаяқ өзін киберполиция қызметкері ретінде таныстырып, алдыңғы қоңыраудың алаяқтардан болғанын және азаматтың ақшасына қауіп төніп тұрғанын айтады», — делінген хабарламада.

Алаяқтар, осылайша азаматтардың қаражатын немесе банк шотын қорғау сылтауымен SMS-кодты, растау кодын немесе басқа да құпия мәліметтерді сұрап отырған.

«Полиция мұндай әрекеттердің алаяқтық белгілері екенін ескертеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері телефон арқылы SMS-кодтар мен банк құпиясөздерін сұрамайды, сондай-ақ ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етпейді», — делінген хабарламада.

Осы ретте полиция алаяқтардың құрбаны болмау үшін мына кеңестерге құлақ түруді ескертеді:
  • Бейтаныс адамдарға SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк картасының деректерін айтпаңыз.
  • Бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармаңыз.
  • «Ақшаңызды сақтап қаламыз» немесе банк шотыңызды қорғаймыз деген қоңырауларға сенбеңіз.
  • Күдікті қоңырау түссе, әңгімені тоқтатып, ұйыммен оның ресми нөмірі арқылы өзіңіз хабарласыңыз.
  • Жеке немесе банк деректеріңізді айтып қойсаңыз, шоттарыңызды қорғау үшін дереу банкке хабарласыңыз.
  • Алаяқтыққа тап болсаңыз, полицияға жүгініп, болған жағдайдың барлық мән-жайын хабарлаңыз.

Ведомство азаматтарды қырағы болуға, алаяқтардың айласына түспеуге және жақындарын осындай алаяқтық схемалары туралы ескертуге шақырады.

Оқу үшін