Франциядағы наразылыққа «пантера» болып киінген адам қатысты — фейк

Скриншот: leadstories.com
Желіде Франциядағы наразылықтарға қызғылт пантера костюмін киген адамның қатысқанын бейнелейтін суреттер мен видеолар тарады. Алайда Lead Stories фактчекинг жобасы бұл материалдардың ЖИ көмегімен жасалғанын анықтады, деп хабарлайды Nofake.kz.
ЖИ жасаған контентті анықтауға арналған Hive Moderation және Sightengine құралдары суреттер мен видеолардың көпшілігінің жасанды жолмен жасалған болуы ықтимал екенін 100%-ға жуық деп бағалады.

Ал ЖИ-контентті анықтауға арналған SynthID құралы да тексеріліп отырған төрт материалды талдады.
Түпнұсқаларды іздеу нәтижесінде кейбір суреттердің Франциядағы наразылықтарға қатысы жоқ ескі фотосуреттер негізінде жасалғаны анықталды. Бір суретте 2015 жылы Арменияда өткен наразылықтар бейнеленген. Екіншісі 2025 жылғы мамырда «Пари Сен-Жермен» футбол клубының жеңісін тойлау кезінде адамды ұстау сәтінде түсірілген. Тағы бір фотосурет 2010 жылы Грекияда өткен наразылықтарта түсірілген.
Instagram әлеуметтік желісіндегі @fredericvignale аккаунтында 2026 жылғы 17 қазанда жарияланған ақ-қара түсті түпнұсқа видеоның авторы оның шынайы оқиға түсірілген бейнежазба емес, көркем туынды екенін атап өткен.
«Бұл туынды — тек көркем әрі поэтикалық көрініс. Ол ешқандай идеологияны немесе саяси партияны насихаттамайды және полицияға қарсы бағытталмаған. Бұл — сөз бостандығын, қиял мен поэзияны дәріптеу ғана», — делінген видеоның сипаттамасында.
Осылайша, әлеуметтік желілерде кең тараған фотолар Франциядағы наразылықтарға қызғылт түсті пантера костюмін киген адамның қатысқанын растамайды. Оларда ЖИ көмегімен жасалған, соның ішінде бұрынғы оқиғалардың фотосуреттері негізінде өңделген суреттер мен видеолар пайдаланылған.


