NoFake

Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі: МКҚ себебін түсіндірді

Фото: sgork_official

Астанада 10-14 қазанда қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Nofake.kz.

Мемлекеттік күзет қызметінің хабарлауынша, 10-14 қазанда қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу енгізу Астанадағы бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуімен байланыстырылып отыр.

«Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген. Оған қоса, 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған», — делінген хабарламада.

Ведомство елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Оқу үшін