NoFake

Chat GPT-ге жеке деректерді енгізу қауіпті ме

Фото: pepelac.news

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Ұлттық киберқауіпсіздікті үйлестіру орталығының басшысы Ұлықбек Шамбулов көпшілік көп қолданатын» Chat GPT-ге жеке деректерді енгізсе, ол таралуы мүмкін бе?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Ол ЖИ жүйесіне, мысалы Chat GPT-ге адамдар аты-жөні, ЖСН номері және т.б. жеке деректерді енгізгенде, оларды тек бағдарламаны әзірлеушілер көретінін мәлімдеді.

«Мысалы, басқаларға белгілі болады деп ойласаңыз, әрине олай емес. Оны тек бағдарламашылар (ред. разработчиктер) көруі мүмкін. Қазір ЖИ-дің түрлері көп қой. Chat GPT, Claude, DeepSeek бар. Негізі ЖИ-дегі ақпаратты көбейту үшін, жеке деректерді қолданады. Күнделікті өмірде, мәселен, рецепт, ауа-райын сұрау сияқты жерде қолдануға болады», — деді ол.

Маман патент немесе ғылыми, бірегей  идеяны Chat GPT-ге жүктеуде сақ болу қажеттігін ескертті.

«Ол кезде әрине ойлану керек. Мысалы, мыңжылдық есептер деген бар, профессорлар сол есепті шығарып жатқанда, ол есептерді Chat GPT шығарып тастады деген ақпарат тарады. Сол кезде жанжал туындады, оны кім шығарды деген? ЖИ-ді қолданып жатқан профессорлар ма, әлде Chat GPT-ме? Сондай кезде байқау керек», — деді ол.

Сонымен бірге, Ұлықбек Шамбулов Chat GPT-де жүктелген жеке деректер, тек OpenAI компаниясына хакерлер шаубыл жасап, бұзған жағдайда ғана, дербес деректердің таралу ықтималдығы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшы ЖИ берген ақпаратты тексеру тәсілдерін түсіндірген еді.

Оқу үшін