NoFake

Желіде Пашинянның Қазақстандағы шетелдік әскерилер туралы жалған мәлімдемесі тарады

Фото: Александр Патрин/ТАСС

Желіде Армения премьер-министрі Никол Пашинян атынан Қазақстандағы шетелдік әскерилер туралы айтылған жалған пікір тарады. Шын мәнінде, Пашинян өз сөзінде Қазақстанды атаған жоқ.

Әлеуметтік желілерде Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстандағы шетелдік әскерилердің болуы туралы айтты-мыс деген жарияланымдар таралуда. Оның сөздерін екі елді қарсы қойып, «Арменияның Қазақстаннан айырмашылығы — оның шетелдік әскерилерге мұқтаж емес» деп мәлімдегендей етіп жеткізуде.

Скрин жазбадан

Мұндай хабарламалардың шығуына 17 қыркүйектегі брифинг барысында Армения премьер-министрінің «Новости Армении NEWS.am» тілшісінің елдің ҰҚШҰ-ға (ОДКБ) қатысты ұстанымы туралы сұрағына берген жауабы түрткі болды.

NoFake.kz басылым жариялаған материалды зерттеп, Пашинянның жауабына Қазақстан туралы сөз қосылып өңделгенін анықтады. Ол біздің елді мүлде аталмаған. Армения премьер-министрі Арменияны Қазақстанмен салыстырмаған және біздің еліміздегі шетелдік әскерилердің болуы туралы ешқандай мәлімдеме жасамаған.

«Біздің пікіріміз мынадай: егер бізді шығарғылары келсе – шығарсын. Егер шығарғылары келмесе – шығармасын. Біз Армениядағы ресейлік әскери базаның мәселесін ешқашан талқылауға шығарған емеспіз. Қазір бұл мәселені Ресей талқылап отыр және біз өз ұстанымымызды осы талқылаудың айналасында құрып жатырмыз. Мен 102-ші әскери база мен 2022 жылғы қыркүйек оқиғалары Арменияның қауіпсіздігі үшін оның өмірлік маңызы жоқ екенін көрсетті деп отырмын. Енді олар бұл мәселені талқылауға шығарды – өте жақсы», — деді ел премьер-министрі өз сөзінде.

Сондай-ақ, Пашинян өз сөзінде Арменияның ресейлік әскери базаның шығарылу мүмкіндігіне және оның елде одан әрі қалуына қалай қарайтынын түсіндірді.

«Мен тік айтамын: 102-ші әскери базаның болуы Арменияның қауіпсіздігі тұрғысынан ештеңе бермейді. Мұны біз 2022 жылғы қыркүйек оқиғалары кезінде көрдік. Әскери база бізге қажет емес. Ресей – бізге дос ел, егер олар шығарғысы келсе, тіпті ертең шығара берсін. Егер қалғылары келсе, бізге қажет емес базаның Армения Республикасында болу шарттарын талқылауға дайынбыз», — деп атап өтті ол.

Осылайша, Пашинянның жарияланған сөзінде Қазақстан туралы айтылмағаны анықталды.

Оқу үшін