NoFake

Жаңа оқу жылы қарсаңында жалдамалы пәтер құны қымбаттағаны рас па

Фото: Depositphotos

Жаңа оқу жылының қарсаңында Қазақстандағы жалдамалы тұрғын үй нарығында дәстүрлі маусымдық дүмпу тіркелді. Шілде мен тамыз айларының аралығында ел бойынша пәтер жалдау құны айтарлықтай өскен, деп хабарлайды NoFake.kz

«Krisha.kz» сайтында жарияланған хабарламаларға жасалған мониторинг нәтижелері республика бойынша баспана бағасының төмендегідей өскенін көрсетті:

Бір бөлмелі пәтерлер: ел бойынша орта есеппен 11%-ға қымбаттады.

Екі бөлмелі пәтерлер: 13%-ға өсті. Ал Алматы мен Астанада бұл көрсеткіш бірден 16,7%-ға жетіп, орташа құны 350 мың теңгеге жеткен. Үш бөлмелі пәтерлер: 10%-ға қымбаттады.

Мегаполистердегі баға айырмашылығы қандай?

Мамандардың талдауына сәйкес, Алматыда 1 бөлмелі пәтер жалдау кұны шамамен айына — 230 мың теңге, 2 бөлмелі пәтер үшін — 350 мың теңге, 3 бөлмелі пәтерді жалдап тұру  — 500 мың теңге. Астанада 1 бөлмелі  пәтер жалдап тұру Алматыдан қымбатырақ, айына— 250 мың теңге, 2 бөлмелі — 350 мың теңге, 3 бөлмелі — 500 мың теңге.

Нарықтағы қызықты өзгерістердің бірі — елорданың бір бөлмелі баспана бағасы бойынша Алматыны басып озуы. Шілде айының соңынан тамыз айына дейін Астанада бір бөлмелі жалдамалы пәтер құны 250 мың теңге болса, Алматыда 230 мың болған. Ал үш бөлмелі пәтер жалдау үшін екі қалада да айына орта есеппен 500 мың теңге төлеу қажет.

Ал ең арзан 1 бөлмелі жалдамалы пәтер республика бойынша Таразда. Онда айына бір бөлмелі пәтерді айына 90 мың теңгеге, екі бөлмелі үйді 130, ал үш бөлмелісін 150 мың теңгеге жалдауға болады. Төменде республика бойынша 2026 жылдың қыркүйек айына жалдамалы пәтерлердің орташа бағасының кестесін ұсынамыз.

Мәлімет krisha.kz сайтынан алынды

Әсіресе екі бөлмелі пәтерлер қымбаттап жатыр

Krisha.kz мәліметінше, екі бөлмелі пәтерлердің орташа бағасы еліміздің  барлық 19 қаласында өскен. Оның ішінде пәтер құны ең көп көтерілген қала Қарағанды болып отыр. Онда жалдамалы пәтер бағасы 26%-ға өсіп, орташа құны 230 мың теңгеге дейін жеткен. Қостанай мен Павлодарда жалдамалы екі бөлмелі пәтердің орташа құны қымбаттаған. Бұл қалалардар ай сайынғы төлем бұрынғысынан 25%-ға көтеріліп, 250 мың теңгеге дейін жеткен. Ал Оралда пәтерақы 20% өсіп, екі бөлме үшін енді орташа баға 180 мың теңгеге жеткен. Алматы мен Астана екі бөлмелі пәтер 16,7%-ға қымбаттап, орташа құны 350 мың теңгеге жеткен. Ал бір бөлмелі пәтерлер құны республика бойынша орта есеппен 11%-ға, ал үш бөлмелілер 10%-ға қымбаттаған.

Пәтерлер неге ерте қымбаттады?

Сарапшылардың пікірінше, бағаның қымбаттауын тек 1 қыркүйекпен ғана байланыстыру дұрыс емес. Нарықтағы негізгі дүмпу шілденің аяғында-ақ байқалған. Шілде айында шаршы метрді жалдау құны Астанада 6,9%-ға, ал Алматыда 3,4%-ға өскен.

Бұған жылжымайтын мүлік мамандары студенттер мен олардың ата-аналарының оқу жылына дайындықты ерте бастап, қалаға алдын ала келуі себеп болып отыр. Ұзақ мерзімді баспана іздегендердің қарасы көбейген соң, ең қолжетімді және тиімді нұсқалар бірден таратылып кетеді. Салдарынан қалған ұсыныстардың орташа құны жоғарылап, жалпы статистикаға әсер етеді.

Оқу үшін