NoFake

Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды

Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясында жаңа Конституцияға сәйкес заң шығарушы органның басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет екенін айтты.

«Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады. Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Айбек Дәдебайдың мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет еткенін және мол тәжірибесі бар екенін атап өтті.

«Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын», – деді Президент.

Енді Құрылтай депутаттары ұсынылған кандидатура бойынша дауыс береді.

Оқу үшін