NoFake

Кондиционер түбінде көп отыру денсаулыққа несімен зиян

Фото: pixabay.com

Көпшілік арасында кондиционер түбінде көп отыру — денсаулыққа кері әсерін тигізеді деген әңгіме қызу талқыға түседі. Nofake.kz аталған сұрақты маманға қойып көрді.

Әлеуметтік желіде дәстүрлі ем өкілінің вентилятор, кондиционер түбінде жату өліміне әкелуі мүмкін деген ақпарат тарады. Оның айтуынша, осы кезде Әлеуметтік желіде дәстүрлі ем өкілінің вентилятор, кондиционер түбінде жату өлімне әкелуі мүмкін деген ақпарат тарады. Оның айтуынша, осы кезде адамның адамның қан тамырлары қысылады-мыс. Аталған ақпаратты редакция ДСМ мамандарынан біліп көрді.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Гигиена және денсаулықты қорғау департаментінің директоры Жанар Төлебаева кондиционер түбінде көп жату тіпті өлім жағдайына әкелуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Бізде кондиционердің салдарынан өлім жағдайы орын алды деген факт тіркелмеген. Бірақ, ұзақ уақыт бойы кондиционердің тура түбінде отыруға болмайды. Себебі, ол адам бойындағы температураның ауытқуына әкеліп соғады. Салдарынан адамның иммунитеті төмендейді. Сондықтан кондиционерді тым төмен температурада қоспаған жөн», — деді маман.

Естеріңізде болса, бұған дейін мамандар аптап ыстықта кофе, энергетикалық сусындарды ішу денсаулыққа қаншалықты зиян деген сауалға жауап берген еді.

Оқу үшін