NoFake

Данияр Елеусіновтің Астанада ұсталғаны рас па

Фото: Әлеуметтік желіден

Отандық БАҚ пен әлеуметтік желілердегі пабликтерде Олимпиада чемпионы, танымал боксшы Данияр Елеусіновтің Астанада екі жол-көлік оқиғасына себеп болып, кейін полиция қызметкерлері тарапынан ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Жарияланымдарда спортшының алдымен екі жол апатына қатысып, кейін оқиға орнынан кетіп қалғаны айтылады.

Осы ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін NoFake.kz редакциясы Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады.

Полицияның редакцияға берген жауабына сәйкес, елордада бірнеше автокөлік зақымданған екі жол-көлік оқиғасы тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser жүргізушісі екі жол апатына қатысып, кейін оқиға орнынан кеткен.

Рөлге мас күйде отырған

Ведомствоның мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған көлік Достық көшесінде тоқтатылған. Рөлде болған 35 жастағы ер адамның алкогольдік масаңдық белгілері анықталған.

Полиция жол апаттарынан зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады. Сонымен қатар полиция «Заң және тәртіп» қағидаты бәріне бірдей қолданылатынын атап өтті.

«Жауапкершілік адамның танымалдығына, кәсібіне, лауазымына немесе еңбегіне байланысты емес. Заңды бұзып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан әрбір адам заң аясында жауап береді», – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция спортшының жеке басын растамады

Айта кету керек, полиция редакцияның сауалына берген жауабында жүргізушінің Данияр Елеусінов екенін растаған жоқ және жоққа да шығармады. Ведомство тек жол-көлік оқиғасының мән-жайын баяндап, тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тараған фотоларға сәйкес, ұсталған адамның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов екені айтылып жүр. Алайда бұл мәліметке қатысты құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде жеке тұлғаның аты-жөнін жариялаған жоқ.

Қандай жаза тағайындалады?

Егер медициналық сараптама жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғанын растаса, оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Оқу үшін