NoFake

Қазақстанда газ қоры таусылып жатқаны рас па — Министрлік түсіндірді

Фото: Depositphotos

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Қазақстанда газ қоры таусылып барады» деген ақпарат жиі тарап, қоғамда қызу талқы тудырды. Осыған байланысты NoFake.kz Энергетика министрлігінен аталған ақпарат қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

Энергетика министрлігі Геология комитетінің ресми деректерін негізге ала отырып, еліміз әлемдегі газ қорының шамамен 1,2%-ын иеленіп, жаһандық рейтингте 15-ші орында тұрғанын алға тартты. Ведомство мәліметінше бүгінгі таңда Қазақстанда 3,8 триллион текше метр алынатын газ қоры бар. Оның ішінде:

  • 2,2 трлн текше метрі – ілеспе газ (мұнаймен бірге өндіріледі);
  • 1,6 трлн текше метрі – табиғи газ.

Осы көрсеткіштердің арқасында Энергетика министрлігі елдің энергетикалық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгенін және қорды одан әрі ұлғайту жұмыстары жүріп жатқанын алға тартты.

«Қазақстанның ресурстары жеткілікті. Сонымен қатар, елде әлі де әлеуеті зор зерттелмеген учаскелер бар. Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде қазіргі уақытта жаңа перспективалы учаскелерді игеру бойынша жұмыстар дәйекті жүргізілуде», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың елде сұйытылған газ бағасы қымбаттай ма деген сауалға жауабын жазған болатынбыз.

Оқу үшін